Магомед Адиев жаңа ойыншыларға мүмкіндік бере ме?

Футбол
Магомед Адиев жаңа ойыншыларға мүмкіндік бере ме?

Қараша айы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы үшін «не бел, не белбеу кететін» сәт болғалы тұр. Өйткені Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында екі матч бар. Алдымен 17 қараша Сан-Мариноны қабылдаса, 21-інде Словенияға қонаққа барады.

Осы ойындардың қарсаңында бас бапкер Магомед Адиев жастар құрамасымен жолдастық кездесу өткізді. Ол матчқа кеңейтілген тізімге енген футболшылардың біразы қатысты. Өйткені өзге елдерде доп теуіп жүрген жерлестеріміз құраманың жиынына кейін келіп қосылады.

Матч 30 минуттан тұратын 3 таймға жалғасты. Кездесу 5:2 есебімен ұлттық құраманың пайдасына аяқталды. Осы кездесуде Әлібек Қасым, Роман Асранкулов, Арман Кеңесов, Вячеслав Швырев, Рамазан Кәрімов сияқты жігіттер алаңға шыққан. Неге бұларды ерекше атап өтіп отырмыз. Өйткені бұл жігіттер Адиевтің кеңейітлген тізіміне бұған дейін де шақырылып жүрсе де, толық мүмкіндік ала алмай жүр. Бәлкім, алдағы кездесулерде алаңға шығып қалар. Сондықтан бас бапкер сынап көрсе керек.

Жолдастық матч

Қазақстан құрамасы – Қазақстан U-21 құрамасы – 5:2 (1:0, 4:0)

Голдар:Самородов 24, Свиридов 50, 56, Чесноков 55, Зұлфықаров 79 – Бөрібаев 76 (пенальти), 78

Қазақстан ұлттық құрамасы

1-таймға шыққан құрам: Игорь Шацкий, Бағдат Қайыров, Сергей Малый, Әлібек Қасым, Роман Асранкулов, Ян Вороговский, Аслан Дарабаев, Арман Кеңесов, Ислам Чесноков, Максим Самородов, Абат Айымбетов;

2-таймға шыққан құрам: Бекхан Шайзада, Сұлтанбек Астанов, Сергей Малый, Әлібек Қасым, Роман Асранкулов, Ян Вороговский, Аслан Дарабаев (Еркін Тапалов 57), Арман Кеңесов (Владислав Прокопенко 57), Ислам Чесноков, Максим Самородов, Иван Свиридов;

3-таймға шыққан құрам:Данил Устименко, Руслан Валиуллин, Роман Асранкулов, Әлібек Қасым, Дамир Қасаболат, Максим Федин, Еркін Тапалов, Владислав Прокопенко, Вячеслав Швырев, Бақдәулет Зұлфықаров, Рамазан Кәрімов;

Қазақстан U-21 құрамасы

1-таймға шыққан құрам:Темірлан Анарбеков, Лев Кургин, Әділбек Жұмаханов, Мейрамбек Қалмырза, Александр Широбоков, Ерсұлтан Қалдыбеков, Нұрғайни Бөрібаев, Абылайхан Назымханов, Давид Есімбеков, Сэйф Попов, Айбар Абдулла;

2-таймға шыққан құрам:Никита Пивкин, Лев Кургин (Егор Ткаченко 57), Әділбек Жұмаханов, Мейрамбек Қалмырза (Дамир Қасаболат 57), Александр Широбоков (Сұлтан Асқаров 57), Ерсұлтан Қалдыбеков (Әділхан Добай 57), Нұрғайни Бөрібаев (Нұрәлі Жақсылық 57), Абылайхан Назымханов, Давид Есімбеков, Сэйф Попов (Бейбіт Ғалым 57), Айбар Абдулла;

3-таймға шыққан құрам:Данила Карпиков, Егор Ткаченко, Әділбек Жұмаханов, Александр Широбоков, Сұлтан Асқаров, Әділхан Добай, Нұрәлі Жақсылық, Саламат Жұмабеков, Давид Есімбеков, Бейбіт Ғалым, Нұрғайни Бөрібаев;

10.11.2023. «Астана Арена», Астана. Көрермендерсіз.

Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: Қазақстан. Футбол. Құрама.жолдастық кездесуЕуро 2024

Кері қайту