«Қайрат» биыл тағы «Төртеудің финалынан» тыс қалды

Футзал
«Қайрат» биыл тағы «Төртеудің финалынан» тыс қалды

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының элиталық раудының топтық кезеңі өтіп жатыр. Бірақ «Қайраттың» «Төртеудің финалына» өтетін мүмкіндігі жоқ. Екінші турда басты бәсекелесі Португалияның «Бенфика» клубынан ұтылып қалды. Бұған қақпашы әрі команда капитаны Игитаны кінәлап жатқандар бар.

Талай жыл «Қайрат» пен ұлттық құраманың жарқын жеңістеріне үлесін қосқан қақпашы үшін бұл күн сәтсіз болды. Үш голдың екеуі дәл осы Игитаның қателігінен кейін кірді. Әрине, жасы да 37-ге келді. Оның үстіне, қақпашының соңғы жылдары жарақаттан жолы болмай жүр.

«Команда көшбасшысы ретінде «Қайрат» жанкүйерлеріне жазуға тура келіп тұр. Бүгінгі ойын үшін кешірім сұраймын. Бәрі сенді. Оның ішінде мен және команда мүшелері де бар. Біздің құрам жас. Келесі маусымда бұдан да мықты болып оралады. Мені сынайтын шығарсыздар, бірақ «Қайратты» қолдауды жалғастырайық», - деп жазды Игита.

Элиталық раунд. B тобы (Приштина, Косово)
2-тур. 30 қараша
«Қайрат» (Қазақстан) – «Бенфика» (Португалия) – 2:3
Голдар: Афонсу, 4 (0:1). Нунес, 5 (0:2). Тұрсағұлов, 8 (1:2). Лусиу, 10 (1:3). Денер. 36 (2:3).

«Қайрат» (Алматы): Игита (қ) (к), Эдсон, Денер, Диего, Дуглас, – Деннис (қ), Ақбалықов, Педро, Тұрсағұлов, Оразов, Кайо, Игор, Алекс, Алиссон
«Бенфика» (Лиссабон): Гужиэл (қ), Коэлью (к), Собрал, Артур, Жакаре – Мартим (қ), Силвестре, Афонсу, Синтра, Монтейру, Нунес, Лусиу, Соуза, Роша
Төрешілер: Черны (Чехия), Пелиссье (Франция)
***
«Приштина» (Косово) – «Добовец» (Словения) – 3:3
Голдар: П. Пасаричек, 5 (0:1). Кнежевич, 6 (0:2). Маджаррай, 8 (1:2). Цесарец, 21 (1:3). Пихлер, 28-автогол (2:3). Маджаррай, 39 (3:3).
Алаңнан қуылды: Лимани (П, 11).


Енді бүгін Словенияның «Добовец» клубымен кездеседі. Бұл ойын жолдастық кездесу деңгейінде болмақ.

Осыған дейін «Қайрат» элиталық кезеңнің В тобындағы ойындарды қабылдаған Косовоның «Приштина» командасын аямаған. Матчтың 5-минутында Альберт Ақбалықов автогол кірігізіп алғанымен, үзіліске дейін жеті гол соғып үлгерді. Педро Сантос (7 және 18-минуттарда) және Диего Фаверо (9 және17-минуттарда) дубль жасаса,Алиссон (7-минутта), Денер Родриго (12-минутта) және Эдсон (13-минутта) бір-бір голдан соқты.

Екінші таймда «Приштина» ойыншылары тағы бір мергендік танытты. Бұған «Қайрат» Денера Родриго (27-минутта), Дуглас (29-минутта), Алекса Виана (29-минутта) және Кайо Руис (30-минутта) дәл соққымен жауап берді. Қорытынды есеп – 11:2.

Элиталық раунд. B тобы (Приштина, Косово)
1-тур. 29 қараша
«Приштина» (Косово) – «Қайрат» (Қазақстан) – 2:11
Голдар: Алекс, 5-автогол (1:0). Педро, 7 (1:1). Алиссон, 7 (1:2). Диего, 9 (1:3). Денер, 12 (1:4). Эдсон, 13 (1:5). Диего, 17 (1:6). Педро, 18 (1:7). Маджаррай, 24 (2:7). Денер, 27 (2:8). Дуглас, 29 (2:9). Алекс, 29 (2:10). Кайо, 30 (2:11).

«Приштина»: Рамадани (қ), Крюэзиу, Аляй, Сельманай, Маджаррай – Фера (қ)), Керими, Камери (к), Мазреку, Лимани, Какяндоли, Красиничи, Гиновци, Абази
«Қайрат» (Алматы): Игита (қ)) (к), Эдсон, Диего, Тұрсағұлов, Кайо – Деннис (қ)), Денер, Ақбалықов, Педро, Дуглас, Оразов, Игор, Алекс, Алиссон
Төрешілер: Маткович (Швейцария), Черны (Чехия)
***
«Бенфика» (Португалия) – «Добовец» (Словения) – 4:3
Голдар: Нуньес, 1 (1:0). Афонсу, 12 (2:0). П. Пасаричек, 23 (2:1). Душчак, 24 (2:2), Собрал 26 (3:2). Чех, 33 (3:3). Жакаре, 40 (4:3).


Авторы: Бек Төлеу

Тегтер: футзалҚайрат футзал командасыУЕФА Чемпиондар лигасы

Кері қайту