«БИІК-Қазығұрт» – әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының иегері

Футбол
«БИІК-Қазығұрт» – әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының иегері
Фото: kff.kz
«25 сәуірден 6 мамырға дейін Шымкентте өткен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогы додасы мәресіне жетті», – деп хабарлайды ҚФФ сайты.

Бұған дейін жазғанымыздай, Қазақстан кубогын бес команда сарапқа салды. Олар топтық кезеңде айналымдық жүйе бойынша бір-бірімен кездесіп шықты. Яғни әр команда төрт ойыннан өткізді.

Сөйтіп топтық кезеңде кезеңнің қорытындысы бойынша финалда «БИІК-Қазығұрт» және «Оқжетпес» командалары додаға түсті. Ал үшінші орынға СДЮШОР № 7 (Шымкент) және ОСДЮСШ № 2 (Ақтөбе) қыздары таласты.


3-орын үшін:

«СДЮШОР № 7» – «ОСДЮСШ № 2» – 1:0
Гол: Айша Садықова, 115.

Финал:

«БИІК-Қазығұрт» – «Оқжетпес» – 1:0
Гол: Гүлнара Габелия, 59.

Қазақстан кубогы додасының мергендері:

Келин Корт («БИІК-Қазығұрт») – 5 гол
Чинвенде Ихезуо («БИІК-Қазығұрт»), Гүлнара Габелия («БИІК-Қазығұрт») – 4 голдан.

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: Гульнара Габелияәйелдер футболыҚазақстан кубогы"БИІК-Қазығұрт"Kazakhstan CupBIIK-Kazygurt"Оқжетпес" ӘФККелин КортЧинвенде Ихезуо

Кері қайту