Бұрымдылар ел кубогын бастады

Футбол
Бұрымдылар ел кубогын бастады
Фото: kff.kz
Кеше Шымкентте әйелдер арасындағы Қазақстан кубогы додасы басталды. «Финалдық ойындары 5 мамыр күні өтеді», – деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Бас жүлдеге бес команда таласады: 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы, «БИІК-Қазығұрт» (Шымкент), СДЮШОР №7 (Шымкент), «Оқжетпес» (Көкшетау), ОСДЮСШ №2 (Ақтөбе).

Командалар айналымдық жүйемен бір-бірімен кездесіп шығады. Бірінші және екінші орын алған командалар 5 мамыр күні өтетін финалда жолығады.

Әйелдер арасындағы Қазақстан кубогының ойындары күнтізбесі:

29 сәуір (жексенбі)

11:00. «БИІК-Қазығұрт» – ОСДЮСШ №2
15:00. СДЮШОР №7 – «Оқжетпес»

30 сәуір (дүйсенбі)

11:00. ОСДЮСШ №2 – СДЮШОР №7
15:00. Қазақстан-U17 – «БИІК-Қазығұрт»

1 мамыр (сейсенбі)

11:00. СДЮШОР №7 – Қазақстан-U17
15:00. «Оқжетпес» – ОСДЮСШ №2

2 мамыр (сәрсенбі)

11:00. Қазақстан-U17 – «Оқжетпес»
15:00. «БИІК-Қазығұрт» – СДЮШОР №7

3 мамыр (бейсенбі)

11:00. «Оқжетпес» – «БИІК-Қазығұрт»
15:00. ОСДЮСШ №2 – Қазақстан-U17

5 мамыр (сенбі)

11:00. 3-орын үшін ойын
15:00. Финал.

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: финалШымкентәйелдер футболы"Оқжетпес"Қазақстан кубогы"БИІК-Қазығұрт"Қазақстан U-17Kazakhstan CupBIIK-KazygurtАйналымдық жүйе

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку