"БИІК-Қазығұрт" Чемпиондар лигасын “Веронамен” бастайды

Футбол
"БИІК-Қазығұрт" Чемпиондар лигасын “Веронамен” бастайды
Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының жеребесі тартылды. Фото: uefa.com
Бүгін Ньонда әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының жеребесі тартылып, Қазақстан чемпионының 1/16 финалындағы қарсыласы белгілі болды.

Биыл «БИІК-Қазығұрт» клубының жеребесі жеңіл түскендей. Плей-оффтың бірінші сатысында, яғни 1/16 финалында Италияның «Верона» клубымен кездесетін болды.

Әрине, «Верона» оңай қарсылас емес, әйтсе де былтырғы «Барселона» қыздарындай емес. Рейтингтік коэффициенті Испания қыздарына қарағанда – төмендеу. Әрі бірінші қоржындағы – ең «осал» командалардың бірі.

Енді «БИІК-Қазығұрт» арулары жанкештілік танытып, бұл мүмкіндікті бос жібермеуге тырысады деп ойлаймыз. Тәжірибелі қарсыласынан өте алмаса да, намысты қолдан бермейді деп сенеміз.

1/16 финалы (ойындар 5/6 және 12/13 қазан күндері өтеді):

"БИІК-Қазығұрт" (KAZ) – "Верона" (ITA)
"Штурм" (AUT) – "Цюрих" (SUI)
"Брейдаблик" (IRL) – "Русенгорд" (SWE) 
ЛСК (NOR) – "Пари Сен-Жермен" (FRA) 
"Авальдснес" (NOR) – "Лион" (FRA)
"Эскильстуна Юнайтед" (SWE) – "Глазго Сити" (SCO) 
"Сараево-2000" (BIH) – "Россиянка" (RUS) 
"Челси" (ENG) – "Вольфсбург" (GER) 
"Твенте" (NED) – "Спарта" Прага (CZE)
"Аполлон" (CYP) – "Славия" Прага (CZE) 
"Атлетик" (ESP) – "Фортуна" Йорринг (DEN) 
"Минск" (BLR) – "Барселона" (ESP) 
"Медик" (POL) – "Брешия" (ITA) 
"Манчестер Сити" (ENG) – "Звезда-2005" (RUS) 
"Хиберниан" (SCO) –  "Бавария" (GER) 
"Санкт-Пельтен" (AUT) – "Брондбю" (DEN)

Естеріңізе сала кетейік, «БИІК-Қазығұрт» әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының електік додасында 7-топқа түсіп, қарсыластарының бәрін ұтқан болатын. Сөйтіп, өз тобында бірінші орынға ие болып, плей-офф сатысына жолдама алған-ды.

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: әйелдер футболыЧемпиондар лигасыплей-офф"БИІК-Қазығұрт""Барселона""Верона"

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку