Жеребе тартылды – Швеция әлем чемпионатына бармай ма?

Футбол
Жеребе тартылды – Швеция әлем чемпионатына бармай ма?
uefa.com сайтынан алынды
Бүгін Цюрихте жеребе тартылып, 2018 жылғы әлем чемпионатының УЕФА-ға бөлінген қалған төрт жолдамасына таласатын командалар жұбы белгілі болды.

2018 жылғы әлем чемпионатының Еуропада өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша 9 елдің ұлттық құрамасы финалдық додаға тікелей шыққан болатын. Ал екінші орын алғандардың ішінде техникалық көрсеткіштері жоғары сегіз құрама қалған төрт жолдамаға таласу құқығына ие болып еді. Бүгін осы құрамалар арасында жеребе тартылып, төрт жұп түзілді:

Солтүстік Ирландия – Швейцария (9 және 12 қараша)

Хорватия – Грекия (9 және 12 қараша)

Дания – Ирландия (10 және 13 қараша)

Швеция – Италия (11 және 14 қараша)

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Әлем чемпионатыЖеребе2018 жылғы әлем чемпионатыUEFAFIFA World Cup Qualification2018 FIFA World Cup

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку