Чемпиондар лигасының биылғы маусымындағы көрермендер рекорды

Футбол
Чемпиондар лигасының биылғы маусымындағы көрермендер рекорды
Чемпиондар лигасының өткен маусымдағы "Астана" – "Легия" матчынан. Фото: fca.kz
Чемпиондар лигасының биылғы маусымдағы ойындарын стадионнан тамашалаған көрермендердің орта есебі (саны) рекордты көрсеткішке жетті.

Әзірше, топтық кезеңнен финалға дейінгі 124 ойынды стадионнан 5 683 357 көрермен тамашалаған. Орта есепен – 45 834 адам. Ал 26 мамыр күні Киевте өтетін финалдық матчқа 63 мыңға жуық көрермен келеді деп күтілуде.

Бұған дейінгі рекордты көрсеткіш 2013/2014 жылдар маусымына тиеслі болған. Онда Чемпиондар лигасының 125 ойынын 5 676 953 адам стадионнан тамашалаған болатын. Орта есеппен әр ойынға шаққанда, 45 416 көрермен болатын.

Негізі, биылға маумымдағы көрермендердің жалпы саны 2002/2003 жылдар маусымында көрсеткіштен жоғары емес (6 426 477 адам). Бірақ ол кезде қазіргідей 125 ойын емес, 157 матч өткізілген. Себебі, ол кезде топтық кезеңдік дода екі мәрте ұйымдастырылған. Яғни орта есеппен әр ойынға 40 933 көрермен жиналған болатын.

Енді, UEFA ресми сайтының деректеріне көз жүгіртіп шығыңыздар:

Чемпиондар лигасының барлық маусымдағы көрермендерінің орта көрсеткіштері (топтық кезеңнен финалға дейін):

125 матчтан өткен жылдар
2017/18: 45834 (124 матч, финал әлі өткен жоқ)
2016/17: 42845
2015/16: 40997
2014/15: 41102
2013/14: 45416
2012/13: 45035
2011/12: 42075
2010/11: 43878
2009/10: 42093
2008/09: 39962
2007/08: 42831
2006/07: 44233
2005/06: 40944
2004/05: 39648
2003/04: 35896

157 матчтан өткен жылдар
2002/03: 40933
2001/02: 34541
2000/01: 36362
1999/2000: 35097

85 матчтан өткен жылдар
1998/99: 41977
1997/98: 33043

61 матчтан өткен жылдар
1996/97: 34417
1995/96: 30512
1994/95: 38046

27 матчтан өткен жылдар
1993/94: 44191

25 матчтан өткен жылдар
1992/93: 34722

Чемпиондар лигасындағы көрермендерге қатысты рекордтар

Жалпы: 115 500 – "Барселона" – "Пари Сен-Жермен", 1994/95, бірінші ойын, 1/4-финалы;

Финал: 90 245 – "Манчестер Юнайтед" – "Бавария", 1998/99, ("Камп Ноу", Барселона);

Топтық кезең: 114 273 "Барселона" – "Манчестер Юнайтед", 1994/95;

Іріктеу сатысы: 75 312 – "Манчестер Юнайтед" – "Брюгге", 2015/16, бірінші ойын, плей-офф сатысы;

Еуропа чемпиондары кубогындағы көрермендер рекорды

Жалпы: 135 805 –  "Селтик" –  "Лидс", 1969/70, қарымта матч, 1/2-финалы;

Финал: 127 621 –  "Реал" –  "Айнтрахт" Франкфурт, 1959/60 ("Хэмпден Парк", Глазго).

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: финал"Ливерпуль"UEFA Champions LeagueСтадионЧемпиондар лигасы"Астана-Арена""Барселона"рекорд"Реал" (Мадрид)КөрермендерОрта есеппенAttendance record

Кері қайту