Айыппұлдан 6 миллион еуродан астам қаражат түскен...

Футбол
Айыппұлдан 6 миллион еуродан астам қаражат түскен...
Фото uefa.com сайтынан
Жақында UEFA 2016/2017 жылдар маусымында «фэйр-плей» қаржы ережесін бұзғандардан айыппұл ретінде 6 363 000 еуро қаражат түскенін мәлімдеді.

UEFA Атқару комитетінің 2014 жылғы қыркүйек айында қабылданған шешімі бойынша, «фэйр-плей» қаржы ережесін бұзғандардан айыппұл ретінде түскен қаражат өткен Еуромаусымда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасына қатысқан командалар арасында бөлініп, үлестіріледі екен.

Нақтырақ айтқанда, осы қаражаттың 80 пайызы 2016/2017 жылдар маусымында Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған командалар арасында тең бөлінген көрінеді. Ал қалған 20 пайызы осы лигалардың (ЧЛ және ЕЛ) іріктеу кезеңдерінен өтпей қалған командаларға тиесілі екен.

Алайда, бітімгершілік келісімі жасалған немесе 2016/2017 жылдар маусымында «фэйр-плей» қаржы ережесін бұзып, жазаға тартылған клубтарға бұл төлемнен (яғни қаржы бөлісінен) көк тиын да бұйырмайды екен...

Сонымен, 2016/2017 жылдар маусымында жалпы сомасы 6 363 000 еуро айыппұл жиналып, бұл қаражат төмендегі үлгі бойынша бөлінген:

• 80% (€5 090 400) ЧЛ/ЕЛ топтық кезеңінде ойнаған командаларға (65) = шамамен әр клубқа – €78 300

• 20% (€1 272 600) ЧЛ/ЕЛ іріктеу кезеңдеріне қатысқан командаларға (149) = шамамен әр клубқа – €8 540.

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: УЕФАUEFA Champions LeagueЧемпиондар лигасыЕуропа лигасыеуроМиллионUEFA Europa LeagueАйыппұл«Фэйр-плей» қаржы ережесіFinancial Fair Play

Кері қайту