Ненад Эрич – Еуропа лигасының үздік қақпашылары бестігінде

Футбол
Ненад Эрич – Еуропа лигасының үздік қақпашылары бестігінде
Еурокубок додаларында түлеп шыға келетін қақпашы... Фото: fca.kz
UEFA Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі үздік футболшылары арасында «Астана» клубының да ойыншылары бар. Солардың бірі – Ненад Эрич.

Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі үздік қақпашылары арасында «Астананың» қорғаушысы Ненад Эрич те бар. Ол алты ойынның бәрінде де (540 минут) Қазақстан чемпионының қақпасын қорғады. Жеті гол жіберіп алды. Әйтсе де, 24 рет өте қауіпті соққыларды тойтарып, қас шеберлік танытты.

Ненад Эрич осы көрсеткіш бойынша (сейф) Еуропа лигасының топтық кезеңінде – 5-орында. Оның алдын тек Денис Щербицкий (31 сейф, БАТЭ), Андре Хансен (30 сейф, Русенборг), Оргес Шехи (26 сейф, «Скендербеу»), Яго Эррерин (25 сейф, «Атлетик).

Футболда «қақпашы – жарты команда» деген мағынасы терең сөз бар. Ненад Эрич шынымен де Еурокубок додаларында өзін сенімді қақпашы ретінде көрсете білді. «Маккаби» екі ойында да бірде-бір гол соға алмай, пұшайман болса, «Славия» бір доппен ғана шектелді. «Вильярреал» жұлдыздары да елордада бірнеше рет бармақтарын тістеп қалған... 

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Ненад ЭричFC AstanaЕуропа лигасыҮздік қақпашы"Астана" ФКUEFA Europa LeagueСейфNenad Eric

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку