ПСЖ Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде рекорд жаңартты – 24 гол

Футбол
ПСЖ Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде рекорд жаңартты – 24 гол
«Пари Сен-Жермен» бес ойында 24 гол соқты. Фото: uefa.com
«Пари Сен-Жермен» клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бес ойында 24 гол соқты.

«B» тобында көш бастаған «Пари Сен-Жермен» клубының қарқыны адам таң қаларлықтай. Бес ойында 24 гол соғып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде рекорд жаңартты. Бұған дейінгі рекорд «Боруссия» (Дортмунд) клубына тиеслі еді. Немістің бұл «мәшинесі» Чемпиондар лигасының 2016/2017 жылдар маусымында 21 доп соққан болатын.

Ал «Пари Сен-Жерменнің» өз рекордын қайта жаңғыртатын мүмкіндігі бар. Себебі Чемпиондар лигасының топтық кезеңі әлі біткен жоқ. Соңғы турда Унай Эмеридің шәкірттері Мюнхенде «Бавариямен» додаға түседі. Гол соқпай кетпеулері мүмкін емес сияқты (Екінші турда өз алаңында 3:0 есебімен басым түскен болатын).

Айтпақшы, «Пари Сен-Жермен» бүгін түнде тағы да «Селтикті» күйрете жеңді – 7:1. Бірінші турда, Глазгода 5:0 есебімен тізе бүктірген болатын. Сонда, жалпы есеп – 12:1. Ал Шотландия чемпионы биыл біздің «Астананы» 8:4 есебімен жеңіп (5:0 және 3:4), ЧЛ топтық кезеңіне өткізбеген болатын...  

ПСЖ жайлы сөзімізді сабақтар болсақ, Унай Эмеридің шәкірттері «B» тобында «Андерлехт» клубына да үстемдік танытып, екі ойында 9:0 есебімен ойсырата жеңді (4:0 және 5:0). Әзірше, бір ойында орта есеппен 4,8 голдан соғып жүр!

Енді Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде көп гол соққан командалардың үздік ондығына көз жүгіртіңіздер:

24 гол – «Пари Сен-Жермен», 2017/18 жылдар маусымы
21 – «Боруссия» Дортмунд, 2016/17 ж.м.
20 – «Манчестер Юнайтед», 1998/99 ж.м
20 –«Барселона», 2011/12 ж.м.
20 – «Реал», 2013/14 ж.м.
20 – «Барселона», 2016/17 ж.м. 
19 – «Барселона», 1999/20 ж.м. (1-топтық кезең)
19 – «Реал», 2011/12 ж.м.
19 – «Реал», 2015/16 ж.м.
19 – «Бавария», 2015/16 ж.м.

Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: FC AstanaUEFA Champions LeagueЧемпиондар лигасы"Астана" ФК"Селтик""Пари Сен-Жермен"GoalРекорд. Гол"Paris Saint-Germain"

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку