Стойлов Кабананганы Испанияға әкетпей, тастап кетті

Футбол
Стойлов Кабананганы Испанияға әкетпей, тастап кетті
Фото fca.kz сайтынан алынды
«Астана» футбол клубының ойыншылары мен бапкерлері Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі бірінші ойынын өткізу үшін Испанияға аттанды.

Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыға алмай қалған «Астана» биыл да Еуропа лигасында бақ сынайды. «А» тобындағы бірінші ойынын Испанияның «Вильярреал» клубымен өткізеді. Бүгін ел чемпионы Испанияның Кастельон-де-ла-План қаласына аттанып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, «Вильярреал» мен «Астана» арасындағы матч бейсенбі күні кешкісін, яғни 14 қыркүйекте түнгі сағат 23:00-де (Астана уақытымен) басталады. Ойын Вильярреал қаласындағы «Эстадио де ла Керамика» стадионында өтеді. Қазақстан чемпионы Испанияға мына құрамда аттаныпты:

қақпашылар  Ненад Эрич, Абылайхан Дүйсен, Александр Мокин;

қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Берік Шайыхов, Марин Аничич, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Игорь Шитов, Евгений Постников, Сергей Малый;

жартылай қорғаушылар – Серікжан Мужиков, Асхат Тағыберген, Иван Маевский, Марин Томасов, Срджан Граховац,

шабуылшылар – Патрик Твумаси, Роман Муртазаев.

Ласло Кляйнхайслер мен Джордже Деспотович жарақаттарынан әлі айыққан жоқ. Ал Джуниор Кабананга өткен турда «алыс жолдан шаршап келдім» деп, демалыс беруді өтінген екен (Бас бапкердің айтуынша). Станимир Стойлов оны Испанияға да алған жоқ. Жақсылап демалып алсын дегені болар...

Алдын-ала бекітілген жоспар бойынша «Астана» бүгін Вильярреалда алғашқы жаттығу жұмыстарын өткізеді. Ал ертең ойын алдындағы жаттығу жұмысы мен баспасөз жиыны өтеді. Бұл матчты «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болады.

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: Джуниор КабанангаСтанимир СтойловFC AstanaЕуропа лигасыТоптық кезең"Астана" ФКJunior KabanangaStanimir StoilovUEFA Europa League"Вильярреал""Villarreal"

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку