Еуропа лигасы – “Астана” соңғы матчқа Швейцарияда дайындалады

Футбол
Еуропа лигасы – “Астана” соңғы матчқа Швейцарияда дайындалады
"Астана" Швейцарияда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізді. Фото: fca.kz
«Астаны» футбол клубы кеше Швейцарияға ұшып барып, 6 желтоқсанға дейін созылатын оқу-жатығу жиынын бастап кетті.

Еліміздің үш дүркін чемпионы Цюрихтің іргесіндегі Регенсдорф қаласына орналасыпты. Өздеріңіз білесіздер, 8 желтоқсан күні «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойынын өткізіп, Бернде жергілікті «Янг Бойз» клубымен кездеседі.

Жер жәннаты Швейарияға «Астана» футбол клубы мына құрамда аттанды:

қақпашылар Ненад Эрич, Александр Мокин, Абылайхан Дүйсен; қорғаушылар – Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Марин Аничич, Сергей Малый, Евгений Постников, Игорь Шитов, Біржан Күлбеков, Аманбол Әлиев;

жартылай қорғаушыларСерікжан Мұжықов, Асхат Тағыберген, Азат Нұрғалиев, Неманья Максимович, Рохер Каньяс, Агим Ибраими, Абай Жүнісов, Геворг Наджарян;

шабуылшылар Патрик Твумаси, Джуниор Кабананга, Джордже Деспотович, Роман Муртазаев.

Осы оқу-жаттығу жұмысы барысында, яғни 4 желтоқсан күні «Астана» Швейцария чемпионатының бірінші лигасында ойнайтын, әрі осы топтың көшбасшыларының бірі болып табылатын «Баден» клубымен жолдастық кездесу өткізіп, дайындығын пысықтайды. 

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: АПОЭЛЕуропа лигасыТоптық кезең"Астана" ФКплей-офф"Олимпиакос""Янг Бойз"Швейцария

Кері қайту