Еуропа лигасы – “Астана” Кипрге ұшып кетті

Футбол
Еуропа лигасы – “Астана” Кипрге ұшып кетті
"Астана" Никосияға жол шекті. Фото: fca.kz
Бүгін «Астана» футбол клубының ойыншылары мен бапкерлері Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі бірінші ойынын өткізу үшін Кипрге ұшып кетті.

Еуропа лигасының топтық кезеңінде «В» тобына түскен «Астана» алғашқы ойынын Никосияда жергілікті АПОЭЛ клубымен өткізеді. Бұл ойынға елімздің өткен маусымдағы чемпионы мына құрамда аттанды:

қақпашылар Ненад Эрич, Абылайхан Дүйсен, Александр Мокин;

қорғаушылар Абзал Бейсебеков, Дмитрий Шомко, Марин Аничич, Сергей Малый, Игорь Шитов, Біржан Күлбеков;

жартылай қорғаушылар Серікжан Мұжықов, Азат Нұрғалиев, Асхат Тағыберген, Неманья Максимович, Рохер Каньяс, Патрик Твумаси, Абай Жүнісов, Геворг Наджарян;

шабуылшылар Таңат Нөсербаев, Джуниор Кабананга, Джордже Деспотович.

Қалыптасқан дәстүр бойынша әуежайға «12 ойыншы» фан-клубының жанкүйерлері де келіп, командаға игі тілектерін білдіріп, сәт сапар тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, АПОЭЛ – «Астана» матчы 15 қыркүйек күні, біздің уақытпен 23:00-де басталады. Бұл ойынды «Оң ТД» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: АПОЭЛЕуропа лигасыТоптық кезең"Астана" ФКБірінші тур

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку