Чемпиондар лигасы: Үшінші кезеңде кездесетін командалар жұбы

Футбол
Чемпиондар лигасы: Үшінші кезеңде кездесетін командалар жұбы
"Астана" командасының Чемпиондар лигасындағы жанкүйерлері. Фото: fca.kz
2016/2017 жылдар маусымындағы Чемпиондар лигасының үшінші електік кезеңінде 30 команда 15 жұпта додаға түседі.

Кеше түнде Чемпиондар лигасының екінші електік сатысындағы қалған ойындар (кейбір матчтар сейсенбіден сәрсенбіге ауған түні өткен) аяқталды. Яғни келесі кезеңге шыққан командалардың бәрі анықталды.

Ал үшінші електік кезеңнің жеребесі алдын-ала тартылып қойған. Кездесетін командалар жұбы төмендегідей:

Чемпиондар жолы

"Астана" (KAZ) – "Селтик" (SCO)
"Виктория" (CZE) – "Карабах" (AZE)
"Динамо" Загреб (CRO) – "Динамо" Тбилиси (GEO)
БАТЭ (BLR) – "Дандолк" (IRL)
"Олимпиакос" (GRE) – "Хапоэль" Беэр-Шева (ISR)
"Астра" (ROU) – "Копенгаген" (DEN) 
"Лудогорец" (BUL) – "Црвена Звезда" (SRB) 
"Русенборг" (NOR) – АПОЕЛ (CYP) 
"Партизани" (ALB) – "Зальцбург" (AUT) 
"Тренчин" (SVK) – "Легия" (POL) 

Лига өкілдері жолы

"Шахтер" Донецк (UKR) – "Янг Бойз" (SUI)
"Фенербахче" (TUR) – "Монако" (FRA)
"Ростов" (RUS) – "Андерлехт" (BEL)
"Аякс" (NED) – ПАОК (GRE)
"Спарта" Прага (CZE) – "Стяуа" (ROU)

Естеріңізге сала кетейік, Чемпиондар лигасының үшінші електік сатысында жеңіске жеткен командалар плей-оффқа шығады. Ал екі ойынның қорытындысы бойынша есе жіберіп алғандары Еуропа лигасына ойысады. Яғни оларға Еуркубоктар додасында бақ сынауға тағы да мүмкіндік беріледі.

Плей-оффтың жеребесі 5 тамыз күні тартылады. Чемпиондар жолындағы 10 жұптың жеңімпаздары бес жұпта додаға түсіп, топтық кезеңде бақ сынау құқығын сарапқа салады (бес жолдама).

Лига өкілдері жолымен екшелетіндер де бес жолдамаға таласады. Үшінші електік сатыдағы бес жұптың жеңімпазына УЕФА рейтінгісінде коэффициентері жоғары бес мемлекеттің командалары қосылады. Олар – "Манчестер Сити" (ENG), "Порту" (POR), "Вильяреал" (ESP), "Боруссия" Менхенгладбах (GER), "Рома" (ITA).

Толығырақ мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Чемпиондар лигасы"Астана" ФКЖеребеЕлектік кезең"Селтик"плей-офф

Кері қайту