Чемпиондар лигасы: Үшінші кезеңнің жеребесі жұма күні тартылады

Футбол
Чемпиондар лигасы: Үшінші кезеңнің жеребесі жұма күні тартылады
"Астана" Вильнюсте жаттығу жұмыстарын өткізді. Фото: fca.kz
Ертең «Астана» 2016/2017 жылдар маусымындағы Чемпиондар лигасын Вильнюсте бастайды.

«Астана» биылғы Чемпиондар лигасы додасына екінші електік сатыдан қосылып отыр. Ертең Вильнюсте Литва чемпионы «Жальгирис» клубымен кездеседі. Ал қарымта матч 20 шілде күні Астанада өтеді.

УЕФА екінші електік сатыдағы ойындар басталмай жатып, келесі кезеңнің жеребе тарту рәсімі түзіп қойды. Нақтырақ айтқанда, тыңнан қосылатын клубтар мен кездесетін командалар жұбын екі қоржынға бөліп жіктеді.

Чемпиондар лигасының үшінші електік сатысында іріктеу ойындарына УЕФА рейтингінде алтыншы орында тұрған Францияның қола жүлдегері мен 7-15 орындардағы елдердің күміс жүлдегерлері қосылады. Бірақ олардың топтық  кезеңге дейін «Астанаға» еш қатысы жоқ. Өйткені олар «Лига өкілдері жолымен» екшеледі. Ал «Астана» – «Чемпиондар жолы» сүзгізінде.

Үшінші електік сатының жеребесі алдымыздағы жұма күні кешке қарай, яғни 15 шілдеде тартылады. Сол күні «Астананың» келесі кезеңдегі қарсыласы қай клуб немесе командалар жұбының жеңімпазы болатындығын білетін боламыз. Әрине, ол үшін Қазақстан чемпионы «Жальгиристен» өтуі керек!  

«Лига өкілдері жолы»

І-қоржында:

"Шахтер" Донецк (UKR) – 81,976 (УЕФА рейтінгісіндегі коэффициенті)
"Аякс" (NED) – 58,112
"Андерлехт" (BEL) – 54,000
"Фенербахче" (TUR) – 40,920
"Спарта" Прага (CZE) – 40,585

ІІ-қоржында:

ПАОК (GRE) – 37,440
"Стяуа" (ROU) – 36,576
"Монако" (FRA) – 36,549
"Янг Бойз" (SUI) – 24,755
"Ростов" (RUS) – 11,716

«Чемпиондар жолы»

І-қоржында:

"Олимпиакос" (GRE) – 70,940
"Виктория" (CZE) – 44,585
"Зальцбург" (AUT) – 42,520 немесе "Лиепая" (LVA)
"Селтик" (SCO) – 40,460 немесе "Линкольн" (GIB)
АПОЕЛ (CYP) – 35,935 немесе ТНС (WAL)
БАТЭ (BLR) – 34,000 немесе "Сейняйоки" (FIN)
"Легия" (POL) – 28,000 немесе "Зриньски" (BIH)
"Динамо" Загреб (CRO) – 25,775 немесе "Вардар" (MKD)
"Лудогорец" (BUL) – 25,625 немесе "Младост" (MNE)
"Копенгаген" (DEN) – 24,720 немесе "Крузейдерс" (NIR)

ІІ-қоржында:

"Карабах" (AZE) – 13,475 немесе "Дюделанж" (LUX)
"Русенборг" (NOR) – 12,850 немесе "Норчепинг" (SWE)
"Астана" (KAZ) – 12,575 немесе "Жальгирис" (LTU)
"Астра" (ROU) – 11,076
"Шериф" (MDA) – 10,575 немесе "Хапоэль" Беэр-Шева (ISR)
"Црвена Звезда" (SRB) – 7,175 немесе "Валлетта" (MLT)
"Динамо" Тбилиси (GEO) – 5,875 немесе "Алашкерт" (ARM)
"Хабнарфьордюр" (ISL) – 5,750 немесе "Дандолк" (IRL)
"Тренчин" (SVK) – 5,400 немесе "Олимпия" Любляна (SVN)
"Партизани"* (ALB) – 1,575 немесе "Ференцварош" (HUN)

УЕФА шешіміен Албания чемпионы «Скендербеу» клубын осы елдің күміс жүлдегері «Партизани» алмастырады.

Екі қоржынға жіктеуден түсінеріміз, «Астана» келесі кезеңге шықса, І-қоржындағы екі клубтың немесе сегіз жұптың жеңімпазының бірімен кездеседі. Егер үшінші електік сатыдан өтсе, одан әрі – плей-офф. Соңғы електе іріктеу ойындарына тағы бес клуб қосылады. Бірақ олардың бәрі де «Лига өкілдері жолымен» екшелетіндер қатарын толықтырады. Топтық кезеңге дейін «Астанамен» жолдары түйіспейді.

Плей-оффта қосылатын бес команда (жеребесі 5 тамызда тартылады):

"Манчестер Сити" (ENG) 99,256
"Порту" (POR) 92,616
"Вильяреал" (ESP) 60,142
"Боруссия" Менхенгладбах (GER) 42,035
"Рома" (ITA) 41,587

Осылай «Лига өкілдері жолымен» бес азулы клуб және «Чемпиондар жолымен» тура осынша (бес) команда топтық кезеңде бақ сынау құқығына қол жеткізеді. Осы 10 ұжым топтық кезеңге тікелей шыққан мына командалармен кездеседі. Топтық кезеңге тікелей шыққандар (жеребесі 25 тамызда тартылады):

І-қоржында: (ЧЛ-2016 жеңімпазы және УЕФА рейтингісінің 1-7 орындардағы елдерінің чемпиондары)

"Реал" (ESP, чемпион)
"Барселона" (ESP) 
"Лестер Сити" (ENG) 
"Бавария" (GER) 
"Ювентус" (ITA) 
"Бенфика" (POR)
"Пари Сен-Жермен" (FRA) 
ЦСКА Москва (RUS)

Басқа қоржындар:

"Атлетико" (ESP)
"Боруссия" Дортмунд (GER) 
"Арсенал" (ENG) 
"Севилья" (ESP) 
"Наполи" (ITA) 
"Байер" (GER) 
"Базель" (SUI) 
"Тоттенхэм" (ENG) 
"Динамо" Киев (UKR)
"Лион" (FRA) 
ПСВ (NED) 
"Спортинг" (POR) 
"Брюгге" (BEL) 
"Бешикташ" (TUR)

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Чемпиондар лигасыТоптық кезең"Астана" ФК"Жальгирис"Електік кезең

Кері қайту