Жас жеткіншектер арасында «Arlandar Cup» турнирі өтеді

Футбол
Жас жеткіншектер арасында «Arlandar Cup» турнирі өтеді
"Арландар" еліміздің үш дүркін чемпионы Қайрат Нұрдәулетовпен
Наурыз айының 22-23 күндері «Арландар» клубы футболдан «Arlandar Cup» атты республикалық турнир өткізеді.

Аталмыш турнирдің бірден-бір ерекшелігі,  іріктелініп алынған 15 үздік жеткіншек Португалияда өтетін УЕФА санатындағы турнирге тегін ЖОЛДАМА алады. Яғни Португалияға жол шығынын қатысушының өзі төлейді.

Осы орайда,  алдағы турнир жайында толық ақпарат алу үшін «Арландар» футбол клубының президенті Фазылбек Әбсаттарұлымен кездесіп, көкейдегі бірнеше сұрағымызға жауап алуды жөн көрдік. 

– Негізгі мақсатымыз – елімізде тұрақты түрде кәсіби футболмен шұғылдану мүмкіндігіне қол жеткізе алмай жүрген дарынды балаларды іріктеп алу. Содан соң команда сапында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар танылғандарын Португалияда, УЕФА аясында өтетін турнирлерге апарып, бақтарын сынап көруге мүмкіндік жасамақпыз. Түптеп келгенде негізгі мақсатымыз сол футбол академияларының байқауынан өте алатындай жас жеткіншектерімізді таңдау болып отыр. 

Сәтін салып, өзі қабілеттерін барынша көрсетіп жатса, аталған академияларда оқуға немесе футболшы ретінде қалуға мүмкіндік зор деген сенімдеміз. Алайда, бұның бәрі біз апарған жас жеткіншектердің қабілетіне байланысты. Айта кетейін, бұл турнирге қатысушылар өз шығындарын өздері төлейді. Ал Переней түбегіне жол тартқанда жеңімпаздардың барып-келуін қоспағанда, УЕФА турнирінің жарнасымен жүріп-тұруына қаржыны «Арландар» ФК төлейді

Мұндай доп додасын ұйымдастыруға не түрткі болды?

– Португалиядағы турнирлерге қатысып жүріп түсінгенім («Арландар» футбол клубы 2017 жылдың жазында Португалиядағы «Braga Cup» турниріне қатысып қайтқан болатын), біздің балалардың қабілеті әлемдік деңгейдегі футболшы болатын сол жердегі өрендерден артық болмаса кем емес. Ең бастысы, мен осыған көзім жеткен соң, осындай іс-әрекетке барып жатырмын. Мақсатымыз – «бұлақтың көзін ашу». Тек мүмкіндік берсек болғаны. 

Не себепті ақыл тоқтатқан бозбалаларлы емес, өрімдей жас жеткіншектерді таңдап отырсыздар? Әрі турнирдің өткізілу форматына тоқталып өтсеңіз. 

– Әрине, Португалияға кәмелет жасқа толған футболшыны апаруымызға да болар еді. Алайда, Португалияда 8-9 жасынан жүйелі түрде, әлемдік стандартпен футбол ойнап үйренген 17 жастағы футболшыларына қарсы біздің олармен құрдас әуесқой футболшылардың бәсекелес болуы мүмкін емес. Жабық стадионы аз, қыстың күндері 4-5 ай залда доп тепкен біздегі бозбаланың Португалияда жыл 12 ай стадионда доп тепкен футболшымен додаға түсіп, төтеп беруі қиын. Тек талантты болса ғана мүмкіндік туады. 

Ал біз өз жеткіншектердің жағдайын солармен теңестіргіміз келеді. Өйткені, талантты балалар бірге дайындалып, бірге доп тебуі қажет. Иә, бәсеке болған соң, әркімнің де жеңіске таласы бар. Топ жарып, Еуропаға жол тартатын өрендерді арнайы құрылған комиссия әр шеп бойынша анықтайды. Комиссия мүшелері Несіп Жүнісбаев, Қайрат Нұрдәулетов сынды аядоп өнерінен хабардар мамандардан жасақталған. 

Турнирге қатысушылар команда бойынша қатысады. Жоспар бойынша, қатысушы ұжымдарлың санын 20-дан асырмауды көздеп отырмыз. Ал егер жеке қатысушы жас жеткіншектердің саны артып жатса, олар біздің «Арландар» клубының сапыпда бақтарын сынайтын болады. Ойындар 15 минуттық екі таймнан тұрады. Біздің турнирімізге 2003-2004, 2005-2006 жылдар аралығында дүниеге келген,  болашақта футболшы болам деген арманы бар кез келген бала тегін қатыса алады.

Авторы: Шамкен Байырбек

Тегтер: УЕФАБалалар футболыНесіп Жүнісбай"Арландар" клубыФазылбек Әбсаттарұлы

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку