УЕФА лигасы жолдамасын «Астана» және «Ордабасы» ізбасарлары сарапқа салады

Футбол
УЕФА лигасы жолдамасын «Астана» және «Ордабасы» ізбасарлары сарапқа салады
«Астана-2000» – «Ертіс-2000» – 5:1. Фото: fca.kz
Астанада жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінің финалдық додасында екінші турдың ойындары өтіп, «Астана» және «Ордабасы» бозбалалары жеңіске жетті.

Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының финалдық додасы қызықты өтуде. Себебі, биыл жеңімпаз атанған команда 2018/2019 жылдар маусымында жасөспірімдер арасындағы УЕФА лигасының (басқаша айтқанда, Чемпиондар лигасының) жолдамасына қол жеткізіп, келесі жылы Еурокубок додасында бақ сынайды.

Екі турдан кейін жалғыз жолдамадан үмітті командалар саны мейілінше қысқарды. Финалға шыққан төрт команданың екеуі екі рет жеңіске жетіп, соңғы турда өзара додаға түсетін болып отыр. Олар – «Астана» мен «Ордабасы» клубының ізбасарлары.

2000 жылы және одан кейін туған бозбалалар арасындағы финалдық додада бас бәйге дүйсенбі күні сарапқа салынатын болып отыр. «Астана» мен «Ордабасының» жас таланттары «Қайрат» пен «Ертістің» ержеткендерін ұтып, алты ұпайдан еншіледі. Ал соңғы екеуі қола жүлдені сарапқа салатын болады.

І тур:

«Ордабасы-2000» – «Ертіс-2000» – 4:2
«Астана-2000» – «Қайрат-2000» – 4:2

ІІ тур:

«Ордабасы-2000» – «Қайрат-2000» – 2:0
«Астана-2000» – «Ертіс-2000» – 5:1

Голдар: Скворцов (3), Прокопенко (2) – Кеңесов.


Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: UEFA Champions LeagueҚазақстан чемпионаты"Қайрат""Ертіс""Астана" ФК"Ордабасы" ФКФиналдық додаЖасөспірімдер біріншілігіУЕФА лигасыУЕФА Чемпиондар лигасы

Кері қайту