2017 жылғы премьер-лига бәйгесінің жеңімпазы – Әнуар Әбдірахманов

Футбол
2017 жылғы премьер-лига бәйгесінің жеңімпазы – Әнуар Әбдірахманов
Бәйгеміздің жеңімпазы – sports.kz сайтының шолушысы Әнуар Әбдірахманов
2017 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ойындарына болжам берген журналистер арасындағы бәйгемізде Әнуар Әбдірахманов топ жарды.

Әуелі соңғы турды қорытындылап алайық. Қазақстан премьер-лигасының ХХХІІІ турына Baq.kz тілшісі Назерке Абибулла болжам берген болатын.

Егер «Ақтөбе» 97-минутта «Қайраттың» қақпасына пенальтиден екінші голын соқпағанда, Назерке онда Әнуармен бірінші орынды бөлісер еді. Осы бір голдың “кесірінен” 5-орынға орналасты. Енді төмендегі кестеден журналист қарындасымыздың болжамы мен алты ойынның нақты нәтижелерін салыстарып көре аласыздар.

Назерке Абибулланың ХХХІІІ турға берген болжамының қорытындысы


«Болжам-бәйге», ҚПЛ – 2017, Қорытынды кесте


* – Ермек Төрениязов екі ойынның нәтижесін, ал Назерке Абибулла бір матчтың есебін дәл тапты;

** – Негізі, Нағи Бақытбеков екі матчтың нәтижесін тура тапқан. Бірақ төрешілердің қателігінен екі ұпайынан айырылды (төреші таза соғылған голды есепке алмай). Мадина Асылбек пен Фархат Әміренов бір ойынның нәтижесін дәл тауып, бір-ақ ойынның есебінен жаңылысты (төрт рет бір ұпайдан иеленді). Әділжан Үмбет бір матчтың нәтижесін дәл тауып, екі ойынның есебінен жаңылды. Ал Уәлихан Қосанбай бес ойынның жалпы есебін, әрі екі ойынның доп айырмасын болжап шықты;

***  – Жанарбек Әшімжан бір ойынның есебін дәл тауып, үш ойынның қалай аяқталатындығын дұрыс болжады. Ал Серік Мәмбетов пен Сәкен Сыбанбай бір матчтың есебін бұлжытпай тапты да, екі ойынның жалпы есебін шешті. Әрі осы екі кездесудің біреуінде доп айырмасын тапты.

**** – Ардақ Тоғымов пен Алмас Манап бір ойынның есебін дәл тапты, сондай-ақ екі ойынның қалай аяқталатындығын болжап шықты. Тұрлыжан Әйтенов бес ойынның жалпы есебін тапты (қайсысы жеңетіндігін немесе матчтың тең аяқталатындығын), ал Асқар Ағатаев үш ойынның есебін (әрі екі ойынның доп айырмасын) болжап шықты;

***** – Дүрәлі Дүйсебай, Әлібек Байшүленов, Талғат Садықов және Әли Битөре үш ойынның жалпы есебін тапты, Ришад Тұрғанбай мен Қуаныш Бажақ екі ойынның есебін (бір ойынның доп айырмасын) болжап шықты.

Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: Қазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыЖеңімпазБолжам-бәйгеӘнуар ӘбдірахмановKazakhstan Premier LeagueНазерке Абибуллаsports.kz шолушысы

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку