«Астана» Глазгода «Селтиктен» ұтылмай ма?

Футбол
«Астана» Глазгода «Селтиктен» ұтылмай ма?
Фото fca.kz сайтынан алынды
«Астана» Чемпиондар лигасының плей-офф сатысындағы бірінші кездесуін Глазгода өткізіп, Шотландия чемпионымен додаға түседі.

Біздің болжамшыларымыздың кейбіреулері «Астана» түзде «Селтиктен» ұтылмайды деп ойлайды һәм сенеді. Ал қайсыбіреулері – “бір доп айырмасымен ғана ұтылады” деген пікірде. Сондай-ақ “екі доп айырмасымен жеңіліске ұшырайды” деп ойлайтындар да бар. Енді, тек әліптің артын тосамыз. Бәрін де ертеңгі ойын көрсетеді. Біз де ел чемпионы Глазгода «ұтылмайды» деп үміттенеміз.


Авторы: Әзиз ЖҰМАДІЛ

Тегтер: Celtic FCFC AstanaЧемпиондар лигасы"Астана" ФКБолжам-бәйгеЕурокубоктар"Селтик"плей-оффChampions League

Кері қайту