Григорий Бабаян: Топтан шығатын керемет мүмкіндік туып тұр

Футбол
Григорий Бабаян: Топтан шығатын керемет мүмкіндік туып тұр

«Астана» клубы УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіндегі өз алаңында соңғы ойынын 30 қарашада өткізеді. Елордаға Загребтің «Динамо» клубы келді. Егер жеңіске жетіп жатса, плей-оффқа жолдама алатын керемет мүмкіндік туындайды. Мұны бапкер де, ойыншылар да жақсы түсінеді. Бас бапкер Григорий Бабаян баспасөз мәжілісінде тілшілердің сауалына жауап беріп, осыны айтты.

– Қайырлы кеш! «Динамо» Загреб – бізге жақсы таныс команда. Турнир кестесінде қазір үш клуб екінші орынға таласып жатыр. «Балкани», «Динамо» және біздің келесі кезеңге үмітіміз бар. Барлығы өз қолымызда. Бізге мұндай қарсыласпен кезде өте абай болу қажет. Шыдамылық таныта білуіміз керек. Бұл туралы үнемі айтамыз.Ойын тонусы жағынан «Динамоның» басымдығы бар. Олар да чемпионатта жалғасып жатыр. Бірақ мұның бәрі ақталуға келмейді. Өйткені біз өз алаңымыздағы соңғы матчты өткіземіз. Сондықтан жанкүйерлерге жақсы көңіл сыйлағымыз келеді.

– Соңғы екі айда «Динамоның» ойыны мардымай жүр. Мұны өз мүдделеріңізге пайдалана аласыздар ма?

– Біз олардың барлық ойынын қарап шықтық. Өзіміз сараптама жасадық. Кейбір матчтарда толықтай басымдық танытқанымен, жолдары болмаған. Мен көбірек өзіміздің ойынға назар аударамын. «Динамоның» мықты және әлсіз тұсын көрдік. Ертең белгілі бір деңгейде өзімізге сенімділік болуы тиіс. Бірінші минуттан осыны сезінуіміз қажет. «Динамо» Загреб – өте күшті команда, бұл тіпті талқыланбайды. Үнемі еурокубокта ойнап жүр.

– «Астана» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының футболшылары бар. Еуроның ірктеу кезеңінен өз-өздеріне келді ме? Ертең алаңға шыға ала ма?

– Бәрі бірдей дайын емес. Аслан Дарабаев әлі жарақатынан айықпады. Қақпашы Александр Заруцкий де үш күн жаттығуға қатыспады. Ал енді моральдік-психологиялық жағдайларына келсек, алғашқы 3-5 күн қиын болды. Бәрімізге де солай соқты ғой. Үміт күттік. Қаншама жолдан жүріп өтті. Өкініштісі, Еуро-2024-ке тікелей жолама ала алмадық. Жігіттердің бәрімен сөйлестім. Қазір құрама тақырыбын кейінге шегере тұрып, клубтық футболға көңіл бөлетін уақыт. Топтан шығатын керемет мүмкіндігіміз бар. Жігіттер де мұны түсінеді.

– Еурокубоктың іріктеу кезеңі басталғалы сіздің атыңызға өте көп критика айтылып жүр. Бұған қалай төтеп бересіз?

– Футболдағы критика – қалыпты жағдай. Мен сынды қабылдай аламын. Бірақ сынның да түр-түрі бар.Кейбіреулер әлеуметтік желіде ақылға сыймайтын нәрселерді де жаза береді. Көбінесе, мұны «боттар» істейді. «Астанада» бірнеше жыл жұмыс істедім. Егер мұндай қысымдарға шыдап бере алмасаң, журналистикада жүрудің қажеті жоқ.

Авторы: Асфендияр Жанаділ

Тегтер: Григорий БабаянУЕФАФК АстанаКонференция лигасы

Кері қайту