«Барыс» Омбыда омақасты

Футзал
«Барыс» Омбыда омақасты

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін Астананың «Барысы» қатарынан екі жеңісті көтере алмады ма, Омбыда ойсырай ұтылды.

Бұл жолы команда қолайсыздау қарсыласы «Авагардпен» жолыққан. Статистиканың өзі соңы аңғартады.Екі команда бұған дейін 73 мәрте кездесті. Оның 25-iнде ғана елордалық клуб қарсыласынан басым түскен. Қалған 48 матчта ресейлік команда жеңіске жетті.

Енді кездесуге келсек, ойын 5:1 есебімен айдын иелерінің жеңісімен аяқталды. Бірінші кезеңде омбылықтар екі жауапсыз шайба соқты. Үшінші минутта Иван Игумнов мергендік танытса, 13-минутта Александр Филатьев көзге түсті.

Екінші кезеңнің 25-минутында Евгений Рымарев «Барысқа» аздап үміт сыйлаған еді. Бірақ одан әріге Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттерінің шамасы жеткен жоқ.

Үшінші 20-минуттықта «Авангард» аяған жоқ. Қатарынан үш гол кіргізді. Атап айтсақ, Дамир Шарипзянов (42-минутта), Иван Николишин (52-минутта) және Семен Чистяков (55-минутта).

Енді елордалық клуб 7 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір) клубымен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын астаналық клуб Ресейдің «Северсталь» командасын овертаймда жеңген еді.

«Авангард» (Омбы, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) – 5:1

Шайба:

1:0 – 02:42 Игумнов (Венгрыжановский).

2:0 – 12:56 Филатьев (Ткачёв, Спунер).

2:1 – 24:38 Рымарев (Нургалиев, Хенкель).

3:1 – 41:19 Шарипзянов (Спунер, Телегин).

4:1 – 51:34 Николишин (Гераськин). 5:1 — 54:38 Чистяков (Пьянов, Ткачёв).


Авторы: Бек Төлеу

Тегтер: "Барыс" ХКАвангард - БарысҚХЛ

Кері қайту