Азия ойындарынан жүлдесіз қалған қазақ боксшысы медаль алуы мүмкін

Бокс
Азия ойындарынан жүлдесіз қалған қазақ боксшысы медаль алуы мүмкін
Нұрғали Жұмағазы (фото)

Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында бокстан 63,5 келіге дейін салмақ дәрежесінде топ жарған моңғол боксшысы Чинзориг Баатарсухийннің қанынан тыйым салынған преперат табылған.

Халықаралық тестілеу агенттігіне (ITA) Азия Олимпиадалық Кеңесі (OCA) Азия ойындарында допингке қарсы бағдарламаны, соның ішінде нәтижелерді өңдеуді дербес басқаруға мүмкіндік берген. Олар сынамаларды тексерген кезде моңғол боксшысы Чинзориг БаатарсухиинненДүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) тыйым салынған заттар тізімінде тыйым салған препараттарды тапқан. Атап айтқанда, метандиенон метаболиті болған.

Сынаманы ITA Ханчжоудағы 2022 жылғы Азия ойындарында 2023 жылдың 4 қазанында өткізілген жарыс ішіндегі допингке қарсы бақылау кезінде алған. Сынама алу органы Қытайдың допингке қарсы агенттігі болды.

Бұл жағдай спортшыға хабарланды. Ол В үлгідегі талдауды талап етуге құқылы.

Содан кейін іс ОСА допингке қарсы ережелеріне сәйкес шешім қабылдау үшін Спорттық допингке қарсы бөлімшеге (CAS ADD) арбитраждық сотқа жіберіледі.

Айта кетейік, Баатарсухиин ширек финалда қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллиновты жеңген болатын. Моңғол боксшысының допинг сынамасы оң нәтиже берсе, алтын медаль Баатарсухиин финалда жеңген Тайвань боксшысы Эн Чу Лаемге бұйырса, Зейнуллинов қола жүлдеге ие болады.


Жалпы, ITA осы Азия ойындарында тағы бірнеше спортшының қанынан тыйым салынған препарат тапқан.

Мохаммад Хайбар Нуристани, Ауғанстан, бокс.

Юсеф Мохаммед Алазири, Сауд Арабиясы, жеңіл атлетика.

Ариана Дормиторио, Филиппин, велоспорт.

Алексей Фомовский, Өзбекстан, велоспорт.

Тежан Теженов, Түрікменстан, кураш.

Весам Насер Альфарси, Сауд Арабиясы, жеңіл атлетика.

Эрдэнэзул Буянделгер, Моңғолия, ауыр атлетика.

Билал Хайтам Алсади, Катар, велоспорт.

Сами Бзай, Иордания, баскетбол.

Джастин Браунли, Филиппин, баскетбол.

Адил Хуссейн, Пәкістан, кабадди.

Батарсух Чинзориг, Моңғолия, бокс.

Тізімде көрсетілгендің әрқайсысы қазір тергеу аяқталмайынша жарыстарға қатыса алмайды.

Авторы: Бек Төлеу

Тегтер: БоксДопингАзия ойындары

Кері қайту