Владимир Фомичёв – Павлодар футбол орталығының бас бапкері

Футбол
Владимир Фомичёв – Павлодар футбол орталығының бас бапкері
Фото: vk.com/fc.irtysh
Елімізге кеңінен танымал отандық маман Владимир Фомичёв Павлодар қаласындағы футбол орталығының бас бапкері болып бекітілді.

«Ертіс» футбол клубының ресми сайты педагогика ғылымының кандидаты және “PRO” санатындағы білікті маманның Павлодардағы футбол орталығына бас бапкер болып тағайындалғандығын жариялады.

Владимир Фомичёв – өз карьерасында жас таланттардың бағын аша білетін маман ретінде көзге түскен жаттықтырушы. 1999 жылы Қазақстан жастарымен Нигерияда өткен жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысқан. Осы ерен жетістігі үшін Қазақстанға еңбек сіңірген жаттықтырушы атағы берілген.

Владимир Александрұлы соңғы жылдары «Қызылжар» футбол клубының бас бапкері болды. Петропавл клубымен Бірінші лигада өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, 2016 жылы Қазақстан біріншілігінің қола, ал былтыр күміс жүлдегері атанды. Әрі  өткен маусымның қорытындысы бойынша премьер-лига жолдамасына ие болды.

Алайда, «Қызылжар» премьер-лигаға шығып алған соң басқа бапкерге сенім артқанды жөн санады. Ал Фомичёв жұмыссыз көп отырған жоқ. Мұндай тәжірибелі мамандар тасада қалсын ба?! Жас таланттарды жазбай танитын жаттықтырушы енді Павлодар облысының дарынды аяқдопшыларын тәрбиелейтін болады.

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Владимир ФомичёвҚазақстан чемпионатыБас бапкер"Ертіс"Футбол орталығыIrtysh PavlodarVladimir Fomichyov

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку