«Қайраттың» тоғызыншы легионері – Хуан Фелипе

Футбол
«Қайраттың» тоғызыншы легионері – Хуан Фелипе
Фото: fckairat.com
Алматының «Қайраты» Бразилия футболшысы Хуан Фелипемен келісімшартқа отырғандығын ресми түрде жариялады.

«Қайрат» футбол клубы Бразилияның жартылай қорғаушысы Хуан Фелипемен еңбек келісіміне қол қойыпты. «Сантос» клубының түлегі өз елінде біраз командада ойнап, Боливияда да доп тепкен. 2014 жылы Еуропаға ойысқан. ЦСКА (София, Болгария) клубында өнер көрсетіп, келесі жылы Македонияның «Вардар» клубына ауысқан.

«Вардар» сапында Еурокубок додаларында ойнап, 2017 жылы Еуропа лигасының топтық кезеңінде де өнер көрсетен. Македония чемпионатында пас беруге де шебер екендігін паш еткен. 1987 жылы 5 желтоқсан күні туған футболшы «Қайрат» клубында 30-ыншы нөмірлі жейдемен ойнайтын болыпты.

Естеріңізге сала кетейік, «Қайрат» Қазақстан премьер-лигасының алғашқы екі турына сегіз легионер тіркеген болатын. Олар – Шелдон Бато, Седрик Гогуа, Акош Элек, Исаэль, Гай Ассулин, Андрей Аршавин, Чума Анене, Уго Сильвейра. Сонда Хуан Фелипе – тоғызыншы легионер. Ал Иво Иличевичтің қашан қатарға қосылатындығы туралы әзірше ешқандай мәлімет жоқ.

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Иво ИличевичҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Қайрат"ЛегионерлерKazakhstan Premier LeagueKairat AlmatyХуан ФелипеJuan Felipe

Кері қайту