Қазақстан кубогы – Үш команда келесі кезеңге шықты

Футбол
Қазақстан кубогы – Үш команда келесі кезеңге шықты
«Оқжетпес» – «ОСДЮСШОР – Жас Ұлан» – 7:0. Фото: okzhetpes.kz
Шымкентте өтіп жатқан 2018 жылғы Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі аяқталуға айналды. Әзірше келесі кезеңге үш команда шықты.

Қазақстан кубогының іріктеу кезеңі ертең тәмамдалады. «D» тобындағы соңғы екі ойын дүйсенбі күні өтеді. Қалған үш топтағы ойындар түгелдей аяқталған. Себебі бұл топтарда тек үш командадан ойнады. Әрі осы үшеуінде «Оқжетпес», «Мақтаарал» және «Қыран» клубтары топ жарып, 1/8-финалына шықты.

Жанкүйерлер үшін «С» тобындағы соңғы ойын өте қызықты болды. Себебі осы топтағы шешуші матчта «Қарын» және «СДЮСШОР №8» командалары кездесті. Соңғысы – әуесқой ұжым. Тең түссе де, 1/8-финалына шығар еді. Таң қалғанның (сенсацияның) көкесі сонда болар еді! Алайда бірінші лигада ойнайтын шымкентік ұжым өз жерінде жеңіске жетті.

Ойындар нәтижесі

«А» тобы

«Оқжетпес» (Көкшетау) – «Оңтүстік академиясы» (Шымкент) – 1:1
«Оңтүстік академиясы» (Шымкент) – «ОСДЮСШОР – Жас Ұлан» (Шымкент) – 6:1
«Оқжетпес» – «ОСДЮСШОР – Жас Ұлан» – 7:0

«В» тобы

«Мақтаарал» (Атакент, ОҚО) – ЦСКА (Алматы) – 1:1
ЦСКА – «Рузаевка» (Ғ.Мүсірепов атындағы аудан, СҚО) – 2:2
«Мақтаарал» – «Рузаевка» – 7:1

«С» тобы

«Қыран» (Шымкент) – «Каспий» (Ақтау) – 3:3
«СДЮСШОР №8» (Астана) – «Каспий» (Ақтау) – 3:0
«Қыран» – «СДЮСШОР №8» – 2:1

«D» тобы

«Тараз» (Тараз) – «Ақ-Бет» (Павлодар) – 1:0
«Алтай» (ШҚО) – «Екібастұз» (Екібастұз) – 6:1
«Алтай» – «Ақ-Бет» – 4:0
«Тараз» – «Екібастұз» – 1:0


Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: СДЮСШОР №8"Оқжетпес""Каспий"Қазақстан кубогы"Екібастұз""Мақтаарал""Алтай" ФК"Тараз" ФК"Қыран"Іріктеу ойындары"Рузаевка" ФКKazakhstan Cup"Ақ-Бет" (Павлодар)

Кері қайту