Әділбек Жақсыбеков енді тек футболды басқарады

Футбол
Әділбек Жақсыбеков енді тек футболды басқарады
Фотолар kff.kz және kazathletics.kz сайттарынан
Әділбек Жақсыбеков Қазақстан футбол федерациясына президент болып сайланған соң ҚР жеңіл атлетика федерациясы басшылығынан кетті.

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика федерациясында кезектен тыс конференциясы өтіп, Даниал Ахметов аталмыш ұйымға президент болып сайланды. Яғни бұл федерацияны бүгінге дейін басқарып келген Әділбек Жақсыбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

Бірақ Әділбек Жақсыбеков ҚР жеңіл атлетика федерациясының Атқару комитеті құрамына енгізіліпті. Десек те, екі федерацияның тізгінін қабаттастырып, қатар ұстамай, біреуін босатып отыр. Енді барлық күш-жігерін, бар қорын тек футболға жұмылдырады деп сенеміз.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір айдан астам уақыт бұрын, дәлірек айтқанда, 10 ақпан күні Астанада Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс конференциясы өтіп, онда Әділбек Жақсыбеков алдағы төрт жылға ҚФФ президенті болып сайланған болатын. 

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: Қазақстан футбол федерациясыСайлауПрезидентKazakhstan Football FederationӘділбек ЖақсыбековAdilbek JaksybekovДаниал АхметовКезектен тыс конференция

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку