Станимир Стойлов ұлттық құраманың сапын жариялады

Футбол
Станимир Стойлов ұлттық құраманың сапын жариялады
Фото: fca.kz
Станимир Стойлов Венгрия және Болгария құрамаларымен додаға түсетін Қазақстан ұлттық құрамасының тізімін жариялапты.

Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері өзінің алғашқы жиынына негізінен "Астана" мен "Қайраттың" ойыншыларын шақыртыпты. Бұл тізімді бүгін ҚФФ ресми сайты жариялады. Енді, бірден осы құрама сапына көз жүгіртіп шықсақ:

қақпашылар Ненад Эрич, Александр Мокин (екеуі де – «Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»);

қорғаушыларАбзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Сергей Малый, Евгений Постников (бәрі де – «Астана»), Елдос Ахметов, Нұралы Әліп, Ғафуржан Сүйімбаев, Станислав Лунин (бәрі де – «Қайрат»);

жартылай қорғаушыларБауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков, Магомед Парагульгов (бәрі де – «Қайрат»), Серікжан Мұжықов, Бактиер Зайнутдинов, Юрий Перцух (бәрі де – «Астана»);

шабуылшылар Еркебұлан Сейдахмет («Уфа», Ресей), Еркебұлан Тұңғышбаев, Сергей Хижниченко (екеуі де – «Ордабасы»), Алексей Щеткин, Роман Муртазаев, (екеуі де – «Астана»).

Қосалқы құрам:

қорғаушыларДмитрий Мирошниченко, Виктор Дмитренко (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин («Қайсар»).

ҚФФ ресми сайты премьер-лиганың екінші турынан кейін ұлттық құрама сапына шақыртылған футболшылар тізімінде өзгерістер болуы мүмкін екендігін де мәлімдеген...

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 23 наурыз күні Будапештте Венгриямен, ал 26 наурызда Венгрияның Фельчут қаласында Болгария құрамасымен жолдастық кездесулер өткізеді.

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: Ненад ЭричСтанимир СтойловҚазақстан құрамасыҰлттық құрама"Қайрат""Астана" ФКKazakhstan national football teamStanimir Stoilov

Кері қайту