«Тобыл» Талдықорғанда «Жетісуды» тізе бүктірді

Футбол
«Тобыл» Талдықорғанда «Жетісуды» тізе бүктірді
Фото: fc-zhetisu.kz
Қазақстан премьер-лигасының бірінші турында, түзде жеңіске жеткен екі клубтың бірі, Талдықорғанда «Жетісуды» тізе бүктірген «Тобыл» болды.

Маусым аралығында «Тобылдың» құрамына қызықандар аз болған жоқ-тын. «Жүлделі орындардарға таласуы керек» деп, сырттай тон пішкендер де баршылық. Шынымен де, Қостанай клубының сапында тәжірибелі ойыншылар көп-ақ. Сырттан келгендері де бар, өзімізде де көзге түсіп жүргендері жүр...

Сонымен, «Тобылдың» сапындағы тәжірибелі ойыншылар команданың мүддесі үшін тізе қоса қимылдап, ұжымдық ойын үлгісін көрсете ала ма? Ендігі мәселе осы сияқты. Талдықорғанда былтыр ғана бірінші лигада ойнаған командадан жалпы деңгейі жоғары болды...

Маусымның басы болғандықтан ұжымдық ойын үлгісінің бір қайнауы ішінде ме, белгісіз. Әйтеуір, «Тобыл» ойын өрнегімен таң қалдырмады. Жалғыз гол Бауыржан Тұрысбектің шеберлігінің, өзіне берілген мүмкіндікті мүлт жібере бермейтін жанкештілігінің арқасында соғылды.

Допты алаңғын орта тұсынан аяғына іліп алды да, айып алаңына жетпей, шірене тартты. «Жетісудың» биылғы қақпашысы былтыр ғана Қазақстан премьер-лигасында ойнаған, біршама ысылған жігіт сияқты еді. Алайда Бауыржаның шиіре соққан добын тойтара алмай, жаза басты. «Ұялған тек тұрмас» дегендей, алдындағы қорғаушыларына дүрсе қоя берді...

Болды. Бұдан басқа ештеңе көрмедік. Басқадай гол соғылмады дегеніміз ғой. Шыны керек, түсініңкіремей де қалдық. «Жетісу» әлі жетіле түспеген бе? Әлде, керісінше ме? Жоқ, «Тобыл» ширай түскен бе? Доп додасы енді басталды ғой, оған да көз жеткізерміз, әлі. Бір анығы, «Тобыл» таң қалдырмады, «Жетісу» желпіндірмеді...

«Жетісу» – «Тобыл» – 0:1 (0:1)

Гол: Тұрысбек, 37.

Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: Қазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Жетісу""Тобыл"Бауыржан ТұрысбекKazakhstan Premier LeagueTobol KostanayVladimir NikitenkoZhetysu TaldykorganBauyrzhan TurysbekDmitry Ogay

Кері қайту