Еліміздің жасөспірімдер құрамасы Талғарда жаттығады

Футбол
Еліміздің жасөспірімдер құрамасы Талғарда жаттығады
Фото: kff.kz
Жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамасы (U-17) Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Бұл – Қазақстан U-17 құрамасының жыл басынан бергі екінші жаттығу жиыны. Игорь Свечников жаттықтыратын бозбалаларымыз бұған дейін, яғни 23-30 қаңтар аралығында Анталияда оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын.

Енді 4-12 наурыз аралығына Талғарға жиналып, тағы да оқу-жаттығу жиынын өткізетін болыпты. Бұл жолы құрама сапы сәл өзгерген. Бапкерлер құрамы кейбір футболшыларды іс жүзінде тексеріп көруді жөн санағандай. Сонымен, құрама сапына мына футболшылар шақырылған:

қақпашылар  Әділ Жанайдар, Владимир Бирюков (екеуі де – «Қайрат»), Бекнұр Төреханов («Оңүстік» академиясы);

қорғаушылар – Қайрат Жақыпбеков, Дамир Қасаболат, Роман Балута, Лев Кургин (бәрі де – «Қайрат»), Қаһарман Хасанов («Оңүстік» академиясы), Ерлан Ақылтайұлы («Алтай»), Юрий Аханов («Астана»);

жартылай қорғаушылар – Асқар Сәтішев, Ринат Серікқұл, Әділхан Добай, Дарын Ергешев (бәрі де – «Оңүстік» академиясы), Ғалымжан Кенжебек, Арсен Азатов, Омар-Василь Нұртай, Ален Айманов, Александр Бовкун (бәрі де – «Қайрат»), Еркінбек Азамат («Тараз»), Денис Митрофанов («Алтай»), Юрий Рогальский («Ертіс»);

шабуылшылар Арман Алтаев, Айбар Құсайын (екеуі де – «Қайрат»).

Резерв:

қорғаушы – Александр Ни («Қайрат»);
жартылай қорғаушы – Алдияр Тастанов («Астана»).

Жаттықтырушылар құрамы: 

Игорь Свечников – аға жаттықтырушы,
Ерлан Махамбедиев – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Иван Азовский – аға жаттықтырушының көмекшісі,
Николай Родионов – қақпашылар жаттықтырушысы.

Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: Қазақстан құрамасыЖасөспірімдер құрамасыТалғарОқу-жаттығу жиыныҚазақстан U-17Kazakhstan U-17

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку