Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері – Станимир Стойлов

Футбол
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері – Станимир Стойлов
Фото kff.kz сайтынан
Бүгін Астанада журналистерге арналған арнайы баспасөз жиыны өтіп, онда Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері жарияланды.

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин ұлттық құрамамыздың бас бапкері болып Станимир Стойлов тағайындалғандығын ресми түрде мәлімдеді. Келісімшарт мерзімі – екі жыл. Болгария маманының біздің футболымызды жақсы білетіндігі де ескерілген.

Станимир Стойлов «Астана» клубынан кеткендігін, енді Қазақстан құрамасын жаттықтыратындығын және қазақ футболының абыройын асқақтатуға бар күшін салатындығын мәлімдеді. "Менің мақсатым – ұлттық құрама деңгейін көтеру" дейді Болгария маманы...

Баспасөз жиынын толығырақ біздің сайтымыздан күтіңіздер...

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: Станимир СтойловҚазақстан құрамасыҰлттық құрамаАзамат АйтқожинҚФФ Бас хатшысыKazakhstan national football teamStanimir Stoilov

Кері қайту