UEFA TOP-50 – Еуропаның ең үздік жас таланттары

Футбол
UEFA TOP-50 – Еуропаның ең үздік жас таланттары
Фото uefa.com сайтынан
UEFA өзінің ресми сайтындағы журналистері арқылы Еуропаның ең талантты футболшылары тізімін құрастырыпты.

УЕФА журналистері Еуропаның ең үздік 50 жас талантын іріктеген. Өкінішке қарай, олардың арасында Еркебұлан Сейідахмет те, басқа дарынды жас футболшыларымыз да жоқ. Әйтсе де, осы тізімді назарларыңызға ұсынып отырмыз.

UEFA сайты 2018 жылы осы футболшылардың өнерлеріне назар аударуды ұсынған. Кім бәледі, бәлкім, шынымен де осы жас ойыншылардың арасынан бағы жанып, Еуропа футболының жарық жұлдызына айналатын аяқдопшылар шығып та қалар...

Айтпақшы, осы 50 жас талантың қатарында «Селтик» клубының сол қапталдағы қорғаушысы Киран Тирни де бар екен. Ол Чемпиондар лигасының плей-офф сатысында «Астанамен» өткен екі ойында да алаңға шыққан. Елордаға да келген...

Сонымен, UEFA сайтының таңдаулы 50 жас таланты:

Итан Ампаду (WAL, 17 – "Челси", қорғанысқа тірек болар жартылай қорғаушы)

Уссем Ауар (FRA, 19 – "Лион", шабуылшы)

Янн-Фите Арп (GER, 17 – "Гамбург", шабуылшы)

Кепа Аррисабалага (ESP, 23 – "Атлетик", қақпашы)

Леон Бейли (JAM, 20 – "Байер", жартылай қорғаушы)

Николо Барелла (ITA, 20 – "Кальяри", жартылай қорғаушы)

Сандер Берге (NOR, 19 – "Генк", жартылай қорғаушы)

Федор Чалов (RUS, 19 – ЦСКА, шабуылшы)

Федерико Кьеза (ITA, 20 – "Фиорентина", шабуылшы)

Анте Чорич (CRO, 20 – "Динамо" Загреб, плеймейкер)

Френки де Йонг (NED, 20 – "Аякс", жартылай қорғаушы)

Маттейс де Лихт (NED, 18 – "Аякс", орталық қорғаушы)

Эммануэль Бонавентуре (NIG, 20 – "Брюгге", шабуылшы)

Миккель Дуэлунн (DEN, 20 – "Митьюлланд", жартылай қорғаушы)

Фил Фоден (ENG, 17 – "Манчестер Сити", жартылай қорғаушы)

Мартин Грайциар (CZE, 18 – "Слован" Либерец, шабуылшы)

Амин Гуйри (FRA, 17 – "Лион", шабуылшы)

Давид Ганцко (SVK, 20 – "Жилина", қорғаушы)

Амин Арит (MAR, 20 – "Шальке", жартылай қорғаушы)

Иван Игнатьев (RUS, 18 – "Краснодар", шабуылшы)

Лука Йович (SRB, 20 – "Айнтрахт" Франкфурт, шабуылшы)

Кирилл Кириленко (BLR, 17 – "Динамо" Брест, шабуылшы)

Юстин Клюйверт (NED, 18 – "Аякс", шабуылшы)

Ирвинг Лосано (MEX, 22 – ПСВ, жартылай қорғаушы)

Малком (BRA, 20 – "Бордо", шабуылшы)

Деннис Ман (ROU, 19 – "Стяуа", жартылай қорғаушы)

Сергей Милинкович-Савич (SRB, 22 – "Лацио", жартылай қорғаушы)

Давид Нерес (BRA, 20 – "Аякс", шабуылшы)

Педру Нету (POR, 17 – "Лацио", шабуылшы)

Бенжамен Павар (FRA, 21 – "Штутгарт", қорғаушы)

Родри (ESP, 21 - "Вильяреал", жартылай қорғаушы)

Абель Руис (ESP, 17 – "Барселона", шабуылшы)

Роланд Шоллои (HUN, 20 – АПОЕЛ, шабуылшы)

Джейдон Санчо (ENG, 17 – "Боруссия" Дортмунд, жартылай қорғаушы)

Малан Сарр (FRA, 18 – "Ницца", орталық қорғаушы)

Райан Сессеньон (ENG, 17 – "Фулхэм", қорғаушы)

Владимир Шепелев (UKR, 20 – "Динамо" Киев, жартылай қорғаушы)

Милан Шкриниар (SVK, 22 – "Интернационале", орталық қорғаушы)

Манор Соломон (ISR, 18 – "Маккаби" Петах-Тиква, шабуылшы)

Миле Свилар (BEL, 18 – "Бенфика", қақпашы)

Мартен Террье (FRA, 20 – "Страсбур", шабуылшы)

Киран Тирни (SCO, 20 – "Селтик", қорғаушы)

Лукас Торрейра (URU, 21 – "Сампдория", плеймейкер)

Ферран Торрес (ESP, 17 – "Валенсия", шабуылшы)

Виктор Цыганков (UKR, 20 – "Динамо" Киев, жартылай қорғаушы)

Феликс Удуохай (GER, 20 – "Вольфсбург", орталық қорғаушы)

Дайо Упамекано (FRA, 19 – "Лейпциг", орталық қорғаушы)

Ханнес Вольф (AUT, 18 – "Зальцбург", жартылай қорғаушы)

Юсуф Языджы (TUR, 20 – "Трабзонспор", жартылай қорғаушы)

Шимон Журковски (POL, 20 – "Гурник" Забже, қорғанысқа тірек болар жартылай қорғаушы)

Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: УЕФАUEFA Champions League"Астана" ФК"Барселона""Челси"UEFAЖас таланттар50 үздік

Кері қайту