UEFA Ұлттар лигасы – Қазақстан құрамасының ойындары күнтізбесі

Футбол
UEFA Ұлттар лигасы – Қазақстан құрамасының ойындары күнтізбесі
Фото uefa.com сайтынан
UEFA Ұлттар лигасының жеребесі тартылып, 55 құрама төрт деңгейлі 16 топқа жіктелген соң, ойындар күнтізбесі де бекітілді.

«D» лигасындағы бірінші тобына түскен Қазақстан ұлттық құрамасы UEFA-ның жаңа жобасын өз алаңында бастайтын болды. Бір қызығы, Ұлттар лигасы додасының топтық кезеңін біздің елдің жанкүйерлеріне жақсы таныс Владимир Вайсс жаттықтыратын Грузия құрамасымен бастап, дәл осы елдің футболшыларымен түйіндейді.

6 қыркүйек, бейсенбі: Қазақстан – Грузия
10 қыркүйек, дүйсенбі: Андорра – Қазақстан
13 қазан, сенбі: Латвия – Қазақстан
16 қазан, сейсенбі: Қазақстан – Андорра
15 қараша, бейсенбі: Қазақстан – Латвия
19 қараша, дүйсенбі: Грузия – Қазақстан

Естеріңізге сала кетейік, осы топта бірінші орынға ие болған құрама «C» лигасына көтеріледі. Сонымен қатар, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының қосымша төрт жолдамасын сарапқа салу құқығына ие болады.

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: Владимир ВайссҚазақстан құрамасыҰлттық құрамаГрузияАндорраЛатвияҰлттар лигасыKazakhstan national football teamUEFA Nations LeagueVladimir Weiss

Кері қайту