Қазақстан – Әзірбайжан матчының билеттері сатыла бастады

Футбол
Қазақстан – Әзірбайжан матчының билеттері сатыла бастады
Венгрия – Қазақстан матчынан. Фото: kff.kz
«Қазақстан және Әзірбайжан ұлттық құрамалары арасындағы жолдастық кездесудің билеттері онлайн-сатылымға шықты», – деп хабарлайды ҚФФ ресми сайты.

Бұл матч 5 маусым күні елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчтың басталу уақыты – 20:00. Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты екі елдің ұлттық құрамалары арасындағы матчтың билеттерін ticketon.kz сайты арқылы сатып алуға болатындығын жариялады. Билеттерің құны 500-2000 теңге аралығында көрінеді.

Бұл – Қазақстан ұлттық құрамасының жыл басынан бергі үшінші жолдастық кездесуі. Өздеріңіз білесіздер, наурыз айында ұлттық құрамамыз екі жолдастық кездесу өткізген болатын. 23 наурызда Венгрия футболшыларын 3:2 есебімен жеңсе, үш күннен кейін Болгария құрамасынан 1:2 есебімен ұтылып қалған.

Станимир Стойлов жаттықтыратын Қазақстан құрамасының осы екі ойыны мен бір жеңісіні FIFA рейтингісінде 17 саты жоғары өрлеуге мүмкіндік берді. Сәуір айында Қазақстан бүкіләлемдік ұлтық құрамалар рейтингісінде 119-орынға көтерілді. Ал  Әзірбайжан құрамасы бұл тізімде 126-орынды иеленіп тұр.

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: Станимир СтойловҰлттық құрамаҚазақстан ұлттық құрамасыжолдастық кездесуӘзірбайжан құрамасыKazakhstan national football teamStanimir StoilovFIFA RankingFIFA рейтингі

Кері қайту