ҚПЛ – Алтыншы турдың таңдаулы құрамасы

Футбол
ҚПЛ – Алтыншы турдың таңдаулы құрамасы
Таңдаулы құрам сұлбасы pflk.kz сайтынан қиылып алынды
Еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы кеште болса, алтыншы турдың Таңдаулы құрамасын жариялады.

Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы алтыншы турдың Таңдаулы құрамасын әдеттегідей өзінің ресми серіктесі, атап айтқанда, InStat компаниясы ұсынған деректер (ойындар сараптамасы) негізінде құрастырған.

Бұл жолы турдың үздік құрамасына «Шахтер» мен «Қайраттан» төрт, «Астанадан» екі, ал «Ақтөбеден» бір ойыншы іліккен. Қарағандыдағы ойынның өте тартысты өткендігі соншалық, «Таңдаул құрамаға» осы матчтан бес ойыншы еніпті («Шахтер» – «Ақтөбе» – 1:1).  

қақпашы – Рамиль Нурмухаметов, «Ақтөбе» (Ойын индексі – 237)

сол қапталдағы қорғаушы – Матео Мужек, «Шахтер» (236)

орталық қоғаушылар – Евгений Ткачук, «Шахтер» (267); Марин Аничич, «Астана» (263)

оң қапталдағы қорғаушы – Станислав Лунин, «Қайрат» (264)

қорғанысқа тірек болар жартылай қорғаушыларАлександр Володько, «Шахтер» (259); Исламбек Қуат, «Қайрат» (248)

сол қапталдағы жартылай қорғаушыМилан Стоянович, «Шахтер» (232) 

оң қапталдағы жартылай қорғаушыИсаэль, «Қайрат» (251)

шабуылдаушы жартылай қорғаушыАндрей Аршавин, «Қайрат» (273)

шабуылшыАлексей Щеткин, «Астана» (324)

Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: Андрей АршавинАлексей ЩёткинИсламбек КуатИсаэльМарин АничичСтанислав ЛунинМилан СтояновичҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыТур үздіктеріТаңдаулы құрамаЕвгений ТкачукРамиль НурмухаметовМатео МужекАлександр Володько

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку