Жейлітбаевтың рухын ұлықтауға арналған жүлде

Футбол
Жейлітбаевтың рухын ұлықтауға арналған жүлде
Фото: pflk.kz
Серік Жейлітбаев атындағы жүлде биыл тәжірибелі қорғаушы Ренат Абдулинге бұйырды.

Серік Жейлітбаев атындағы жүлде 2013 жылы, қазақ футболының талантты саңлағы өмірден озған жылдың соңына қарай тағайындалған. Содан бері ел чемпионатының жоғары тобында (премьер-лигасында) ең көп ойын өткізген футболшыларға салтанатты түрде табысталып келеді.

Биыл Жейлітбаевтың рухын ұлықтауға арналған жүлде «Оқжетпес» футбол клубының тәжірибелі қорғаушысы Ренат Абдулинге бұйырыпты. Ол өткен маусымдағы ел чемпионатын есепке алғанда, премьер-лигада 387 ойын өткізген екен.

Жалпы, Серік Жейлітбаев жүлдесін бұған дейінгі жылдары Нұрбол Жұмасқалиев, Самат Смақов, Қайрат Әшірбеков және Игорь Юрин секілді футболшыларымыз алған болатын.

Жейлітбаев жүлдесін Ренат Абдулинге табыстаған еліміздің Кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев марқұмның қазақ футболы тарихында алар орны ерекше екендігіне тоқталып өткен. Серіктің озық ойлы футболшы болғандығы, оның жасыл алаңдағы өнері ел есінді мәңгілікке сақталып қалатындығын да қадап айтқан.

Өз кезегінде, Ренат Абдулин де Серіктің парасаты биік жан болғандығын еске түсіріп, жасыл алаңнан тыс күнделікті өмірде де араласып тұрғандарын тілге тиек еткен. Әрі ондай футболшыны әлі күнге дейін кездестірмегендігін, айналасындағыларды үнемі қолдап-қорғап жүретіндігін де тебірене айтып шығыпты.

Биыл Самат Смақов, Әли Әлиев және басқа да футболшылар бірігіп, өмірден өткен достарын еске түсіруге арналған турнир ұйымдастырғандарын мәлімдепті. Виталий Артёмовпен де жақсы дос болғанын айтып, «Бәріміз үлкен бір отбасымыз, арамыздағы біреуден айырылып қалсақ, бәріміз бірдей қайғырамыз» деп түйіндепті сөзін.

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Ренат АбдулинОлжас АбраевИгорь ЮринКәсіпқой футбол лигасыСамат СмақовНұрбол ЖұмасқалиевСерік ЖейлітбаевҚайрат ӘшірбековKazakhstan Premier LeagueЖейлітбаев жүлдесі

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку