FIFA рейтингі – Стоилов Қазақстан құрамасын 17 саты жоғары көтерді

Футбол
FIFA рейтингі – Стоилов Қазақстан құрамасын 17 саты жоғары көтерді
Фото: kff.kz
Бүгін FIFA ұлттық құрамалар арасындағы сәуір айының бүкіләлемдік рейтингісін түзіп, өзінің ресми сайтында жариялады.

Қазақстан ұлттық құрамасы наурыз айындағы FIFA рейтингісімен салыстырғанда, 17 саты жоғары өролеп, 119-орынға орналасты. Өздеріңіз білесіздер, өткен айда ұлттық құрамамыз екі жолдастық кездесу өткізген болатын. 23 наурыз күні Венгрия футболшыларын 3:2 есебімен жеңсе, 26 наурызда Болгария құрамасынан 1:2 есебімен ұтылып қалған.

Сонымен сәуір айындағы FIFA рейтингісі:  

Алғашқы ондық:

1 (1). Германия – 1533 ұпай
2 (2). Бразилия – 1284
3 (5). Бельгия – 1346
4 (3). Португалия – 1306
5 (4). Аргентина – 1254
6 (8). Швейцария – 1179
7 (9). Франция – 1166
8 (6). Испания – 1162
9 (10). Чили – 1146
10 (6). Польша – 1118

Бізден жоғары орналасқан бұрынғы «көршілеріміз»:

30 (35). Украина – 777
66 (63). Ресей – 493
75 (115). Қырғызстан – 424
79 (93). Беларусь – 410
88 (72). Өзбекстан – 381
94 (86). Эстония – 364
96 (101). Грузия – 362
98 (91). Армения – 347
118 (124). Тәжікстан – 271
119 (136). Қазақстан – 269

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: Станимир СтойловҚазақстан құрамасыҰлттық құрамажолдастық кездесуKazakhstan national football teamStanimir StoilovRanking FIFAFIFA рейтингіҚырғызстан құрамасы

Кері қайту