Жаттықтырушылар кеңесі – “Жер” қайысады

Футбол
Жаттықтырушылар кеңесі – “Жер” қайысады
Жаттықтырушылар кеңесінің мүшелері. Фото: kff.kz
Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты “Жаттықтырушылар кеңесі” құрылғандығын мәлімдеп, оның құрамын жариялады.

«Қазақстан футбол федерациясы басшыларының бастамасымен ҚР футболды дамыту стратегиясын жүзеге асыру мәселелерімен айналысатын және еліміздің құрама командаларына ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсететін Жаттықтырушылар кеңесі құрылды», – деп жазады аталған ресми сайт. 

Оның құрамына кіргендер:

Сейілда Байшақов – ҚФФ президенті,

Азамат Айтқожин – ҚКФЛ президенті,

Игорь Утробин – ҚФФ бас менеджері,

Ғани Қайназаров – құрама командалар департаментінің директоры,

Талғат Байсуфинов – техникалық директор,

Павел Демян – ҚКФЛ спорт директоры,

Александр Бородюк – Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері,

Владимир Никитенко – жастар құрамасының аға жаттықтырушысы,

Айтпай Жамантаев – әйелдер арасындағы Қазақстан құрамасының бас бапкері,

Александр Кузнецов – Қазақстан-U19 құрамасының аға жаттықтырушысы,

Карлос Ферер – Қазақстан-U17 құрамасының  аға жаттықтырушысы,

Юрий Коньков – жастар құрамасы жаттықтырушысы,

Игорь Свечников – жастар құрамасы аға бапкерінің көмекшісі,

Юсуп Шадиев – жасөспірімдер құрамасының селекционері,

Николай Родионов – жастар құрамасының қақпашылары жаттықтырушысы. 

Биыл Қазақстан футбол федерациясы құрама аралық командаларды құрған. Соның арқасында құрамалар саны сегізге дейін артқан: Ұлттық құрама, U23 құрамасы, U21 құрамасы, U20 құрамасы, U19 құрамасы, U18 құрамасы, U17 құрамасы және U16 құрамасы.

«Жаттықтырушылар кеңесін құру футболшыларды дайындау мәселесінде әр жас шамасындағы құрамалар арасындағы өзара қарым-қатынас орнатуға, сонымен қатар футбол орталықтары және клубтар арасында тұрақты байланысты қалыптастыруға ықпал етеді», – деп аяқтапты ҚФФ ресми сайты бұл ақпаратты.

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: Владимир НикитенкоАлександр БородюкАлександр КузнецовҚазақстан құрамасыҰлттық құрамаЖастар құрамасыТалғат БайсуфиновСейілдә БайшақовҚазақстан U-19Қазақстан U-17Қазақстан U-21Әйелдер құрамасы

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку