Рафаэль Бенитестің көмекшісі немесе көп таңдаған Нусқа жолығады

Футбол
Рафаэль Бенитестің көмекшісі немесе көп таңдаған Нусқа жолығады
Фото fcirtysh.kz сайтынан
«Ертіс» футбол клубы ақыры бас бапкер таңдап тынды. Павлодар клубының таңдауы 32 жастағы Испания маманына түсіпті.

Бүгін «Ертіс» футбол клубы Херард Нус жаңа бас бапкер болып бекітілгендігін ресми түрде жариялап, «сүйінші» сұрады. Испания маманы 2 жылдық еңбек келісімне қол қойған екен. Сонымен қатар, аталған жаттықтырушының карьерасына атүсті тоқталып өткен.

Херард Нус бапкерлік қызметін көпшіліке танымал Рафаэль Бенитестің көмекшісі ретінде бастаған. 2008/2009 жылдар маусымында «Ливерпуль» клубының жаттықтырушылар құрамында еңбек еткен. «Чуннам Драгонс» (Оңтүстік Корея) және «Мельбурн Сити» (Австралия) командаларында да бас бапкердің көмекшісі болған.

Одан кейін Авраам Гранттың көмекшісі ретінде Гана құрамасында тәжірибе жинақтаған. Үш ай Солтүстік-Америкалық футбол лигасындағы «Райо ОКС» клубының бас бапкері болған. Ол сондай-ақ «Райо Вальекано» және «Эльче» сынды Испания клубтарында техникалық директор қызметін атқарған екен.

Херард Нус енді «Ертістің» тізгінін қолына алып отыр. Павлодар клубының басшылары «осы уақытқа дейін көмекші болып келген Испанияның жас маманынан тәп-тәуір бас бапкер шығады» деп кәміл сенетіндей. Бұл тұрғыда «Қайрат» футбол клубын үлгі тұтты ма екен?! Көрейік, не болса да, әліптің артын бағайық...

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: Херард НусҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыБас бапкер"Ертіс"Kazakhstan Premier LeagueIrtysh PavlodarРафаэль Бенитес

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку