ФИФА рейтингісі – Қазақстан құрамасы 2017 жылды 137-орынмен аяқтады

Футбол
ФИФА рейтингісі – Қазақстан құрамасы 2017 жылды 137-орынмен аяқтады
Фото kff.kz сайтынан
FIFA желтоқсан айындағы ұлттық құрамалар рейтингісін жаңғыртып, бүгін жариялады. Онда Қазақстан құрамасы тағы да төмен ығысқан...

2017 жылдың желтоқсан айында Қазақстан құрамасы тағы да бір саты төмен сырғыды. Сөйтіп, биылғы жылды 137-орынмен тәмамдады. Негігі, бұл айда да ұлттық құрамамыз ешқандай ресми ойын өткізген жоқ болатын.

Жалпы, 2017 жыл Қазақстан құрамасы үшін өте сәтсіз болды деуге тұрарлықтай. Былтыр, яғни 2016 жылы желтоқсан айында FIFA рейтингісінде 98-орында тұрған ұлттық құрамамыз бір жылдың ішінде 39 саты төмен сырғыды...

FIFA рейтингісі. Үздік ондық

1 (1). Германия – 1602 ұпай
2 (2). Бразилия – 1483
3 (3). Португалия – 1358
4 (4). Аргентина – 1348
5 (5). Бельгия – 1325
6 (6). Испания – 1231
7 (7). Польша – 1209
8 (8). Швейцария – 1190
9 (9). Франция – 1183
10 (10). Чили – 1162

Бізден жоғары орналасқан бұрынғы «көршілеріміз»:

35 (35). Украина – 781
64 (65). Ресей – 534
78 (80). Өзбекстан – 441
89 (84). Эстония – 397
90 (90). Армения – 383
92 (92). Беларусь – 372
104 (104). Грузия – 322
114 (112). Түркіменстан – 292
115 (115). Қырғызстан – 282
117 (117). Әзірбайжан – 281
126 (127). Тәжікстан – 255
132 (131). Латвия – 233
137 (136). Қазақстан – 220

Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: ФИФАҚазақстан құрамасыҰлттық құрамаFIFAФИФА рейтингісіKazakhstan national football teamFIFA Ranking

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку