Футзалдан Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққандар

Футбол
Футзалдан Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққандар
Қазақстан кубогы додасынан көрініс. Фото: sport-ayat.kz
Футзалдан Рудныйда өтіп жатқан Қазақстан кубогының топтық кезеңі мәресіне жетіп, жартылай финалға шыққан командалар анықталды.

Екі топқа бөлініп өткізілген Қазақстан кубогы додасы шешуші кезеңіне жетті. Төрт команда жартылай финалға шығып, екеуі үйлеріне ерте қайтатын болды. Олар – «Тұлпар» (Қарағанды) және «Оқжетпес» (Көкшетау) клубтары.

Негізі, Қарағанды және Көкшетау футзалшыларының ел кубогын жалғастыра алмайтындары кеше белгілі болған. Себебі, бұл ұжымдар екі ойында да жеңілістің кермек дәмін татты. Ал бүгін жартылай финалдық матчтарда (яғни, ертең) кездесетін командалар жұбы анықталды.  

11 желтоқсан

"Тұлпар" – "Ақтөбе" – 1:4
Голдар: Клинов, 22 – Валенко, 14. Иманалин, 29. Джонатан, 29. Иманалин, 40.

"Оқжетпес" – "Аят" – 1:4
Голдар: Зинчинко, 8 – Двирный, 7. Лапатюк, 14. Рындин, 23. Лапатюк, 39.

12 желтоқсан

"Қайрат" – "Оқжетпес" – 11:0
Голдар: Дрот, 2. Дуду, 5. Першин, 6. Алешандре, 10. Дуглас, 11. Дрот, 11. Дуглас, 20. Жаманқұлов, 25. Жаманқұлов, 34. Дрот, 35. Алешандре, 38.

"Жетісу" – "Тұлпар" – 8:2
Голдар: Бетинио, 4. Бетинио, 6. Гребонос, 8. Довгань, 15. Оразов, 19. Мун, 21. Довгань, 27. Тұрсағұлов, 33 – Күкімбаев, 14. А.Алин, 36.

13 желтоқсан

"Жетісу" – "Ақтөбе" – 3:2
Голдар: Бетинио, 5. Бетинио, 26. Довгань, 32 – Ақбалықов, 18. Эвертон, 25.

"Қайрат" – "Аят" – 4:1
Голдар: Лео, 7. Дуглас, 9. Тайеби, 11. Дрот, 14 – Кузнецов, 36.

Топтық кезең қорытындысы


Жартылай финалдық жұптар:

«Жетісу» – «Аят»
«Қайрат» – «Ақтөбе»

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: футзалҚазақстан кубогы"Қайрат" ШФК"Тұлпар""Жетісу" ШФК"Аят" ШФК"Ақтөбе" ШФКKazakhstan Cup"Оқжетпес" ШФКЖартылай фина

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку