2017 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ең үздік бас бапкері – Станимир Стойлов

Футбол
2017 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ең үздік бас бапкері – Станимир Стойлов
2017 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ең үздік бас бапкері – Станимир Стойлов. Фото: pflk.kz
Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы биылғы жылдың қорытындысын шығарып, үздіктерін жариялай бастады.

Кеше Қазақстан премьер-лигасының 2017 жылғы ең үздік ойыншысы аталса, бүгін ең үздік бас бапкері жарияланып отыр. Еліміздің Кәсіпқой футбол лигасы «Үздік жаттықтырушы» номинациясы үздігін анықтау үшін де премьер-лигамыздағы клубтардың басшылары, бас бапкерлері және капитандары арасында сауалнама ж.ргізген.

Әр респондент үздік үштікті атауы тиіс болған екен. Әрі қарай есептеу жүйесі әдеттегідей: бірінші орынға – үш, екінші орынға – екі, ал үшінші орынға – бір ұпай. Сөйтіп, бұл сауалнаманың да қорытындысы есептеліп шығарылған.

Сонымен, 2017 жылғы Қазақстан премьер-лигасының ең үздік бас бапкері болып, «Астана» клубының тізгінін ұстаған болгар маманы Станимир Стойлов танылған. Оның еншісінде – 84 ұпай! Айтпақшы, аталған бапкер бес рет «өткен айдың үздік жаттықтырушысы» номинациясында да теңдессіз танылған болатын. Атап айтқанда биыл сәуір, шілде, тамыз, қыркүйек және қазан айларында үздік шыққан.

Сонымен сауалнама қорытындысы бойынша үздік бестікке енгендер (төменде кімнің кімге дауыс берген кестесін де ұсынып отырмыз):

1. Станимир Стоилов, «Астана» – 84 ұпай

2. Карлос Алос Феррер, «Қайрат» – 33

3. Алексей Петрушин, «Ордабасы» – 25

4. Саулюс Ширмялис, «Шахтер» – 22

5. Вахид Масудов, «Ақжайық» – 14




Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: Карлос Алос ФеррерВахид МасудовАлексей ПетрушинСтанимир СтойловСаулюс ШирмялисFC AstanaҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыҮздік бапкер"Астана" ФКKazakhstan Premier LeagueTOPStanimir Stoilov

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку