Ұлттық құрама жастарымызды тағы да жеңді...

Футбол
Ұлттық құрама жастарымызды тағы да жеңді...
Қазақстан ұлттық құрамасы Талғардағы жаттығу жиыны кезінде. Фото: kff.kz
Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы екінші рет еліміздің жастарымен жолдастық кездесу өткізіп, тағы да ірі есеппен жеңіске жетті...

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты ақпаратқа сүйенсек, Ресей маманы Александр Бородюк жаттықтыратын ұлттық құрамамыз биыл маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бірақ екеуі де ресми ойын емес. Әрі өзге елдің футболшыларын емес, өзіміздің жастарымызды жеңді. Осы ретте айта кетейік, жастар құрамасының ең үздік ойыншылары ұлттық құрама сапына шақыртылған.

Ал Қазақстан-U21 құрамасының бас бапкері Владимир Никитенко бұл жолы қарамағына жаңа футболшылар шақырып, соларды сынақтан өткізіп көрді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы мен жастар құрамасы осыдан екі күн бұрын да жолдастық кездесу өткізіп, аға буын 4:1 есебімен басым түскен болатын.

Қазақстан ұлттық құрамасы – Қазақстан-U21 – 3:0 (1:0)

Голдар: Рудосельский, Тұрысбек (пенальтиден), Исламхан.

Қазақстан (1-тайм): Марсель Исламқұлов, Михаил Габышев, Тимур Рудосельский, Ян Вороговский, Александр Соколенко, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Дидар Жалмұқан, Еркебұлан Тұңғышбаев, Бауыржан Тұрысбек, Алексей Щеткин.

Қазақстан (2-тайм): Игорь Шацкий, Григорий Сартаков, Тимур Рудосельский, Михаил Габышев, Александр Соколенко, Ян Вороговский, Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Тоқтар Жаңғылышбай, Еркебұлан Тұңғышбаев, Бауыржан Тұрысбек. 

Қазақстан жастар құрамасы (1-тайм): Игорь Трофимец, Александр Стародубов, Максим Чалкин Руслан Әлімбаев, Айболат Мақуов, Рафаиль Оспанов, Максим Котов, Ұлан Өтешев, Сүлімжан Бакиев, Едіге Оралбай, Темірлан Әміров.

Қазақстан жастар құрамасы (2-тайм): Бекхан Шайзада, Ескендір Қыбырай, Кирилл Алексеев, Әлібек Қасым, Елжас Сарыбай, Рауан Орынбасар, Рамазан Оразов, Наурызбек Жагоров, Артем Попов, Акмаль Бахтияров, Артем Шушеначев.

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: Бауыржан ТурысбекВладимир НикитенкоАлександр БородюкБауыржан ИсламханҚазақстан құрамасыҰлттық құрамаЖастар құрамасыҚазақстан U-21Kazakhstan national football team

Кері қайту