Қазақстан бозбалалары кем құрамда Словакиямен тең түсті

Футбол
Қазақстан бозбалалары кем құрамда Словакиямен тең түсті
Түркия-U19 – Қазақстан-U19 – 3:0. Бірінші ойыннан көрініс. Фото: tff.org
19 жасқа дейінгі еліміздің жасөспірімдер арасындағы құрамасы Түркияда осы елдің бозбалаларынан ойсырай ұтылып қалды.

Қазақстан-U19 құрамасы 2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы екінші ойынын өткізіп, Словакияның жас талантарымен тең түсті. Матчтың 30-минутында команда капитаны Дінмұхаммед Қашкен алаңнан қуылып, бозбалаларымыз бір сағат кем құрамда ойнады.

Әйтсе де, Александр Кузнецовтің шәкірттері Словакия-U19 құрамасына дес бермей тең түсті. Сөйтіп қоржындарына бір ұпай салды. Енді осы 13-топта келесі кезеңге шығатын екінші команда соңғы турда, 13 қараша күні анықталады. Бір жолдаманы бүгін Уэльс ұландарын да ұтқан Түркия таланттары еншіледі.

2018 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі. 13-топ.

І тур:

Түркия-U19 – Қазақстан-U19 – 3:0 (1:0)

Словакия-U19 – Уэльс-U19 – 2:1 (1:0)

ІІ тур:

Түркия-U19 – Уэльс-U19 – 2:1

Қазақстан-U19 – Словакия-U19 – 0:0

Ескертулер: Сейідахмет, 26. Пайруз, 74. Жақыпбаев, 87 – Петро, 30. Гулаш, 47. Майдан, 50.

Алаңнан қуылды: Қашкен, 30.

Қазақстан-U19: Даниил Устименко, Айбар Нұрдалиев, Сағадат Тұрсынбай,  Дінмұхаммед Қашкен, Ерасыл Аманжол, Сұлтан Сағынаев, Айдос Орал (Жан-Әлі Пайруз 68), Гаврил Кан (Нұрәлі Әліп 77), Мұхит Жақсылық (Санжар Батырханов, 32), Мәди Жақыпбаев, Еркебұлан Сейідахмет.

Словакия-U19: Фредерик Валах, Владимир Майдан, Самуэл Козловски, Мартин Беднар, Роберт Боженик, Йозеф Шпырка (Адам Бренкус, 72), Мартин Вициан, Матей Мошко, Денис Петро, Доминик Гулаш (Матей Грешак, 78), Михаль Кралевич (Марьян Хобот, 86).

Төрешілер: Федайи Сан (Швейцария), Кармине Санджованни (Швейцария), Ибрахим Чаглар Уярджан (Түркия), Арда Кардешлер (Түркия).

10 қараша 2017 жыл. «Арслан Зеки Демирджи» стадионы. Анталия, Түркия.

Ойынның қысқаша статистикасы:

Соққы: 8 – 16
Тура соққы: 3 – 3
Қиыс кеткені: 1 – 8
Тойтарылғаны: 4 – 5
Қақпа бағанасы: 0 – 1
Бұрыштама соққылар: 3 – 12
Офсайдтар: 1 – 2
Ескерту (сары қағаз): 3 – 3
Алаңнан қуылды (қызыл қағаз): 1 – 0
Ереже бұзу: 19 – 12


Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: Александр КузнецовҚазақстан құрамасыЕуропа чемпионатыІріктеу ойындарыҚазақстан U-19Еркебұлан СейідахметДінмұхамед ҚашкенСловакия U-19Анталия Түркия

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку