Қызылорда облысының әкімі «Қайсарға» жаңа меже қойды

Футбол
Қызылорда облысының әкімі «Қайсарға» жаңа меже қойды
Облыс әкімімен кездесуден. Фото: pflk.kz
Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев соңғы турдың алдында «Қайсар» клубының басшыларымен және ойыншыларымен кездесті.

«Облыс әкімі «Қайсардың» басшыларын да, футболшыларын да биылғы маусымының сәтті аяқталуымен құттықтады», – деп хабарлайды, еліміздің Кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты. Әрі команданың жетекшілері мен жаттықтырушылары құрамын алғыс хаттармен марапаттаған.

«Қайсар» футбол клубының қарасы қалың жанкүйерлерінің қуанышына орай, 2017 жылы біздің команда бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізе алатынын дәлелдеді. Биыл орталық стадионның 3500 орындық қосалқы алаңы пайдалануға берілді. Ал келесі жылы орталық стадион қайта құрылымдаудан өткізіледі. Қызылорданың 200 жылдық мерейтойы және клубтың 50 жылдығы қарсаңында бапкерлері құрамы мен ойыншыларымыз бүткіл Сыр елінің футбол сүйер қауымына тамаша сый тарту етіп, үздік бестіктің ішінен лайықты орынға ие болатына сенім білдіреміз», – деп түйірдеген облыс әкімі өз сөзін.

Өз кезектерінде «Қайсар» футбол клубының бас бапкері Стойчо Младенов пен команда капитаны Мақсат Байжанов өздерінің «№1 жанкүйерінің», яғни облыс әкімінің қолдау білдіріп, сенім артып отырғанына дән риза екендерін жеткізіп, алғыс білдірген.

Естеріңізге сала кетсек, биыл «Қайсар» 33 турдың қорытындысы бойынша, 11 рет жеңіске жетіп, 9 ойында тең түсті, ал қалған 13 матчта жеңілістің кермек дәмін татты. Соңғы турда, «Шахтердің» алдын орап кетіп, 6-орынға көтерілді. 

Жалпы, Стойчо Младенов Қызылорда клубын келесі жылы да жаттықтыратын сиқты. Жақында оның онатын Болгария басылымдары осындай ақпарат таратты. Ал «Қайсар» футбол клубы бұл ақпаратты ресми түрде әлі мәлімдеген жоқ. 

Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: Стойчо МладеновҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионатыОблыс әкімі"Қайсар"Мақсат БайжановKazakhstan Premier LeagueKaisar KyzylordaStoycho MladenovҚырымбек Көшербаев

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку