Футзалдан Олимпиада жолдамасына таласатын құрама жасақтап шығардық

Футбол
Футзалдан Олимпиада жолдамасына таласатын құрама жасақтап шығардық
Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жолдамасы үшін додаға түсетін Қазақстан құрамасы. Фото: kff.kz
Футзалдан Қазақстан қыздары 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жолдамалары сарапқа салынатын додада бақ сынайды.

Жасөспірімдер арасындағы ІІІ Олимпиада ойындары 2018 жылғы 6-18 қазан аралығында Аргентинада өтеді. Оның бағдарламасына тұңғыш рет футзалдан бозбалалар мен бойжеткендер (U-18) арасындағы доп додасы енгізіліп отыр. Буэнос-Айрестегі финалдық турнирде 10 команда бақ сынайтын болады.

Еуропа осы жасөспірімдер арасындағы ІІІ Олимпиада ойындарына екі құрамадан төрт команда жібере алады (Яғни бозбалалар арасында – екі, бойжеткендер арасында – екі құрама). УЕФА туы астындағы іріктеу турниріне ержеткендер арасында 16 құрама, ал қыздар арасында 8 команда додаға түседі.

Осы ретте айта кетуге тиіспіз, Қазақстан бозбалалары мен бойжеткендері (U-18) жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындары жолдамасын сарапқа салу құқығына футзалдан еліміздің ұлттық құрамасы арқасында қол жеткізіп отыр. Футзалшы жігіттеріміз бүкіләлемдік рейтингте алғашқы ондыққа орналасқан...  

Қыздар арасындағы іріктеу додасы 1-4 қараша күндері Испанияда өтеді. Бүған біздің елден Қазақстан-U17 құрамасы қатысады. Еділхан Рабаев жаттықтыратын қыздарымыз «В» електік тобына түсіпті. Қарсыластары – Испания, Ресей және Румыния бойжеткендері.

Ойындар күнтізбесі:

1 қараша

Ресей – Румыния
Испания – Қазақстан

2 қараша

Қазақстан – Ресей
Испания – Румыния

3 қараша

Демалыс күні

4 қараша

Румыния – Қазақстан
Ресей – Испания

Қазақстан-U17 құрамасының сапы:

қақпашылар – Назым Исмаилова, Ангелина Портнова;

алаңдағы ойыншылар – Әсемгүл Аруова, Арайлым Орынбасарова, Гүлмира Тәшмет, Гүлім Қайырнас, Айдана Серікбай, Алина Шалмухамбетова, Анастасия Низамтудинова, Александра Бурова.

Бас бапкер Еділхан Рабаев.

Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: футзалҚазақстан құрамасыІріктеу ойындарыҚазақстан U-18futsalKazakhstan national futsal teamОлимпиада ойындарыYouth Olympic Games

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку