Ұлттық құрама маусым соңында жаттығу жиынын өткізеді

Футбол
Ұлттық құрама маусым соңында жаттығу жиынын өткізеді
Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: kff.kz
Ел чемпионатының премьер-лигадағы додасы аяқталған соң Қазақстан ұлттық құрамасы Талғарда оқу-жаттығу жиынын өткізеді екен.

Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты ұлттық құрамамыздың 7-12 қараша аралығында оқу-жаттығу жиынын өткізетіндігін жариялады. Осы жиын барысында Александр Бородюк бастаған құрамамыз еліміздің жастар арасындағы құрамасымен екі рет жолдастық кездесу өткізеді екен (9 және 11 қараша күндері).

Енді осы оқу-жыттығу жиынына шақыртылған футболшыларымыздың тізімімен таныс болыңыздар:

қақпашылар – Марсель Исламқұлов («Қайсар»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

қорғаушылар – Юрий Логвиненко, Абзал Бейсебеков, Сергей Малый (бәрі де – «Астана»), Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев, Тимур Рудосельский, Александр Соколенко, Ян Вороговский (бәрі де – «Қайрат»), Дмитрий Мирошниченко, Григорий Сартаков (екеуі де – «Тобыл»), Виктор Дмитренко («Шахтер»);

жартылай қорғаушылар – Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Бауыржан Тұрысбек, Георгий Жуков, Магомед Парагульгов (бәрі де – «Қайрат»), Асқат Тағыберген («Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Дидар Жалмұқан («Тобыл»), Бактиер Зайнутдинов («Тараз»), Юрий Перцух («Ақжайық»);

шабуылшылар – Тоқтар Жаңғылышбай («Қайсар»), Роман Муртазаев («Астана»), Алексей Щеткин («Тобыл»);

Бапкерлер құрамы:

Александр Бородюк – бас бапкер,
Виктор Лосев – бас бапкердің көмекшісі,
Қайрат Нұрдаулетов – бас бапкердің көмекшісі.

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Бауыржан ИсламханЮрий ЛогвиненкоҚазақстан құрамасыҰлттық құрамаЖаттығу жиыныИсламбек ҚуатKazakhstan national football team

Кері қайту