Станимир Стойлов – Қазақстан премьер-лигасындағы теңдессіз бапкер

Футбол
Станимир Стойлов – Қазақстан премьер-лигасындағы теңдессіз бапкер
Станимир Стойлов биыл бес рет (айда) үздік бапкер атанды. Фото: fca.kz
Қазақстанның Кәсіпқой футбол лигасы биылғы әдетіне сай, қазан айындағы үздік бапкерлер мен ойыншыларды анықтады.

Әдеттегідей, бұл жолы да тек премьер-лиганың емес, бірінші және екінші лигалардың да үздіктері анықталды. Әр лигадағы клубтардың, командалардың бас бапкерлері арасында сауалнама жүргізіліп, дауыс беру қорытындысы бойынша өткен айдың үздіктері жарияланып отыр.

Сонымен, 2017 жылғы қазан айының үздіктері:

Премьер-лига:

Үздік жаттықтырушы – Станимир Стойлов ("Астана")

Үздік ойыншы – Жерар Гоу ("Қайрат")

Осы ретте ескерте кетейік, еліміздегі Кәсіпқой футбол лигасы сайтының мәлімдеуінше, Станимир Стойлов бұған дейін төрт рет теңдессіз танылған екен. Нақтырақ айтқанда, болгар маманы сәуір, шілде, тамыз және қыркүйек айларында үздік бапкер атанған.

Бірінші лига:

Үздік жаттықтырушы – Рафаэль Хамидулов ("Шахтер-Болат")

Үздік ойыншы – Бауыржан Тұрысбек ("Қайрат-А")

Екінші лига:

Үздік жаттықтырушы – Сергей Тимофеев ("Алтай")

Үздік ойыншы –  Наурызбек Жагоров ("Атырау М")

Авторы: Айқын ЖАППАР

Тегтер: Сергей ТимофеевЖерар ГоуСтанимир СтойловҚазақстан чемпионаты"Қайрат"Кәсіпқой футбол лигасыҮздік бапкер"Астана" ФКҮздік ойыншыБауыржан ТұрысбекStanimir StoilovGerard Gohou

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку