Біздің топтан Польша шықты – Данияда әлі мүмкіндік бар

Футбол
Біздің топтан Польша шықты – Данияда әлі мүмкіндік бар
Польша – Қазақстан матчынан көрініс. Фото: katowickisport.pl
Еуропада 2018 әлем чемпионатының іріктеу додасы аяқталуға айналды. Қазақстан құрамасы ойнаған «Е» тобында барлық ойындар өтіп, қорытындысы түзілді.

Польша құрамасы өз алаңында Црна Гора футболшыларын тізе бүктіріп, «қаратаулықтардың» “екінші орын аламыз” деген ойлары мен дәмелерінің күлін көкке ұшырды. Ал өздері 25 ұпаймен бірінші орынға ие болды.

Бір қызығы, поляктар бірінші таймда екі гол соққан. Ойынның аяғына қарай қонақтар бес минуттың ішінде екі гол соғып, таразы басын теңестірді. Алайда, Левандовски бастаған Польша жігіттері екі минуттың ішінде қос доп соғып, жеңіске жетті.

Дания құрамасы өз алаңында Румыния футболшыларын қабылдап, итжығыс түсті. Дат футболшыларына керегі де осы, яғни бір ұпай еді. Тең түссе, Црна Горадан қара үзіп кететінін жақсы біледі. Сонда, "қаратаулықтар" түзде Польшаны жеңсе де, жеткізбей кетеді...

Дәл осылай болды да. Сөйтіп, Дания құрамасы өз дегеніне жетті. Румындармен тең түсіп, екінші орынға ие болды. Бұл дегеніңіз, Польша бірінші орынмен 2018 жылғы әлем чемпионатының финалдық додасына шықты да, Дания қосымша төрт жолдамаға таласу құқығына ие болды.

2018 әлем чемпионатының іріктеу додасы, «Е» тобы. 10-тур

Қазақстан – Армения – 1:1 (0:1)

Голдар:  Тұрысбек, 62 – Мхитарян, 26.

Польша – Црна Гора – 4:2 (2:0)

Голдар: Мончиньски, 6. Гросицки, 16. Левандовски, 85. Стойкович, 87-автогол – Мугоша, 78. Томашевич, 83.

Дания – Румыния – 1:1 (0:0)

Голдар: Эриксен, 60-пенальтиден – Деак, 88.

Оныншы турдан кейінгі қорытынды кесте


Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: Қазақстан құрамасыҰлттық құрамаӘлем чемпионатыПольша құрамасыІріктеу ойындарыKazakhstan national football teamFIFA World Cup QualificationДания құрамасы2018 FIFA World Cup

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку