«Астана» «Таразды» тағы да тізе бүктірді

Футбол
«Астана» «Таразды» тағы да тізе бүктірді
«Астана» – «Тараз» – 2:0. Фото: fca.kz
«Астана» биылғы маусымда «Таразды» үшінші рет тізе бүктірді. Жалпы есеп – 7:0.

ХХVІІІ тур «Астана» – «Тараз» ойынымен басталып, ел чемпионы Ваит Талгаевтың шәкірттерін үшінші рет тізе бүктірді. Биылғы маусымда тараздықтар елорда клубының қақпасына үш ойында да бірде-бір гол соға алмады.

Станимир Стойловтың шәкірттері өз алаңында 4:0 және 2:0 есебімен басым түсіп, түзде 1:0 есебімен жеңіске жетті. Тәжірибесі мол Ваит Талгаев «Астана» клубының деңгейі әлдеқайда жоғары екендігін мойындап, өз шәкіртттерінің бірлі-жарым оңтайлы сәттерді мүлт жіберіп алғандарын тілге тиек етті.

Ал «Астана» бірінші таймда екі гол соғып алды да, ойынның екінші жартысында есепті ұлғайтуға аса тырысқан да жоқ... Сөйтіп, үш ойын артық өткізіп, алдын орап кеткен «Қайратты» қайтадан екінші орынға ығыстырды. Қазір Алматы клубынан екі матч кем өткізсе де, көш бастап келеді.

«Астана» – «Тараз» – 2:0 (2:0)

Голдар:  Твумаси, 21. Постинков, 26. 

Ескерту: Фещук, 75.

«Астана»: Эрич (к), Шитов (Логвиненко, 87), Постников, Аничич, Шомко, Бейсебеков, Маевский, Мұжықов (Тағыберген, 80), Томасов (Муртазаев, 74), Твумаси, Кабананга.

Қосалқы құрам: Мокин, Жақыпбаев, Прокопенко, Шайыхов, Малый.

«Тараз»: Бабаханов, Әмірханов (к), Воротников, Миюшкович, Шипицин, Шадманов, Диара, Эргашев, Зайнутдинов (Қожамберді, 83), Фещук, Морис.

Қосалқы құрам: Логиновский, Мане, Құрғулин, Молтусинов, Таубай, Байжанов, Хайруллин, Горячий.

Төрешілер: Измайлов, Субботин (екеуі де – Талдықорған), Панин (Қостанай).

23 қыркүйек, 2017. Астана, «Астана-Арена». 2000 көрермен.



Авторы: Нұрғазы САСАЕВ

Тегтер: Ваит ТалгаевСтанимир СтойловFC AstanaҚазақстан Премьер-лигасыҚазақстан чемпионаты"Астана" ФК"Тараз" ФКKazakhstan Premier LeagueFC TarazStanimir StoilovVait TalgayevКөшбасшы

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку