Румыния және Армения футболшыларымен кездесетін Қазақстан құрамасының сапы

Футбол
Румыния және Армения футболшыларымен кездесетін Қазақстан құрамасының сапы
Соңғы ойында негізгі құрамда ойнаға футболшыларымыз. Фото: kff.kz
2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасы аясындағы соңғы екі матчқа дайындалатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды.

Қазақстан ұлтық құрамасы 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасын Румыния және Армения футболшыларымен тәмамдайды. 5 қазан күні түзде румындармен додаға түсіп, 8 қазанда армяндарды Астанада қабылдайды.

Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер құрамы бұл ойынға мына футболшыларды шақыртыпты:

қақпашылар  Давид Лория («Ертіс»), Стас Покатилов («Қайрат»), Александр Мокин («Астана»), Игорь Шацкий («Шахтер»);

қорғаушылар Абзал Бейсебеков, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко (бәрі де – «Астана»), Елдос Ахметов, Ғафуржан Сүйімбаев (екеуі де – «Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»), Александр Марочкин («Оқжетпес»), Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Виктор Дмитренко («Шахтер»);

жартылай қорғаушылар Серікжан Мұжықов, Асхат Тағыберген (екеуі де – «Астана»), Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат (екеуі де – «Қайрат»), Еркебұлан Тұңғышбаев, Азат Нұрғалиев (екеуі де – «Ордабасы»), Аслан Дарабаев («Ертіс»), Мақсат Байжанов («Қайсар»);

шабуылшылар  Таңат Нөсербаев («Ордабасы»), Роман Муртазаев («Астана»), Алексей Щеткин («Тобыл»), Сергей Хижниченко («Шахтер»).

Қосалқы құрам тізімі:

қақпашы – Марсель Исламқұлов («Қайсар»),

қорғаушы – Александр Кислицын («Ертіс»),

жартылай қорғаушылар – Жақып Қожамберді («Тараз»), Мардан Төлебек («Ордабасы»),

шабуылшы – Бауыржан Тұрысбек («Қайрат»).

Авторы: Әлихан ЖАППАР

Тегтер: Давид ЛорияБауыржан ИсламханИсламбек КуатҚазақстан құрамасыҰлттық құрамаСерікжан МұжықовІріктеу ойындарыӘлем чемпионаты - 2018Kazakhstan national football teamАрмения құрамасы2018 FIFA World CupРумыния құрамасы

Кері қайту
★ Вы можете разместить вашу рекламу на нашем сайте. Напишите нам на whatsapp нажав на эту ссылку